Аффиксация тәсілі-түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Бұл тәсіл әсіресе түркі тілдердің ішіндегі ең кең тараған тәсіл.
Аглютинация- латын тілінің жапсырылу,желімдеу деген сөзінен жасалған термин; жалғамалы деген мағынаны білдіреді. Агллюнитативті тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде сөз агглютинация принципі бойынша құралады да, түбірге аффикстерінде түбірге аффикстер бірінің үстінен бірі жалғана береді.
65.Кәсіби сөздер
Белгілі бір кәсіппен, шаруашылық саласымен шұғылданатын адамдар арасында қолданылатын, көпшілікке бірдей түсінікті бола бермейтін сөздер кәсіби сөздер деп аталады. Кәсіби сөздер екі салаға бөлінеді:
1. Қолөнершілікке байланысты кәсіби сөздер: пышқы – араның түрі, шербек – үлкен ара, ыңғыру – ағаш оятын құрал, тышуыр – бұрап тесетін құрал, пәрбі – шойын тескіш, атауыз – шеге суырғыш, біз – аяқкиім тігетін құрал, тарамыс – аяқкиім тігетін жіп, ұршық – малдың жүнінен жіп иіретін құрал, көрік, төс, қысқаш – ұста құралдары, т.б.
2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер: 1) мақта шаруашылығында қолданылатын сөздер: пая – мақтаның сабағы, шиіт – мақтаның тұқымы, терімші – мақта теруші; 2) жүгері шаруашылығында қолданылатын сөздер: дүмбі, пәшік, сота; т.б. 3) бау-бақша шаруашылығында қолданылатын сөздер: әңгелек, жәмше, торлама; 4) қызылша шаруашылығында қолданылатын сөздер: қылша, өркен, түбіртек, жом; 5) мал шаруашылығында қолданылатын сөздер: жүген, құрық, шылбыр, тізгін, қамшы, бишік, ер-тұрман, терлік, тоқым, доға, қамыт, т.б.
66.Семит-Хамит тілдері жайлы
Семит тілдері-Таяу Шығыс және Солтүстік Африкада 270 миллионнан астам адам сөйлейтін Афро-Азия тілдес халықтар тілінің тармағы. Бүгінгі күні Семит тілдес халықтарының ішінде ең кең таралғаны Араб тілі болып табылады.
67.Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылар және олардың негізгі үлестері жайлы
Тіл білімі дамуының жаңа дәуірі тілді дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы ғылым тарихында үлкен бет бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
Ф. Бопп еңбектері салыстырмалы-тарихи тіл білімінің дамуына ықпалын тигізді. Франц Бопп (1791-1867) Майнц қаласында туған. Гимназияда оқып жүрген кезінде-ақ санскрит, парсы, араб, көне еврей тілдерін оқып үйренген.
Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания ғалымы Расмус Раск. Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан «Исланд тілінің шығу тарихи жайлы» еңбегінде тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді.
68.Метафора, метонимия, синекдоха жайлы
Метафора (ауыстыру) – суреттелген затты не құбылысты айқындай түсу үшін оларды сөздеріне ұқсас затқа не құбылысқа балау.
Сөз – жаңбыр, даусым – дауыл, әнім – ескек,
Ойнақтап басылайын аз желдетіп. (І. Жансүгіров, «Әнші»)
Метонимия (алмастыру) – өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздерді бірінің орнына бірін алмастыра қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға. («Абай, «Мәз болады болысың»)
Синекдоха (мегзеу) – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,
Бермек болған айғырдың көзі қайда? (Абай)
69. Қытай-тибет тілдер семьясы
Достарыңызбен бөлісу: |