Суплетивизм-сөздің тіл үшін ерекше түрде (көбінесе басқа түбірден және/немесе қайталанбас ауыспалы ауысу арқылы) флексия түрін жасау. Бұл форма қосымшасы деп аталады.
Редупликация – сөздің толық немесе бір бөлігін қайталау арқылы мағына білдірілетін сөзжасам процесі
45.Армян,албан,грек тілдері Армян тілі — Үнді-Еуропа тілдерінің ішіндегі ең көне жазба тілдерінің бірі. Басқа тілдердің ішінде ең жақыны - грек тілі. Қазіргі заманда жойылған фригий, фракий, дакий және пеоний тілдерімен бірге палеобалкан тілдер тобына жатады.
Албан тілі — Албанияның жергілікті жұрты, албандардың ана тілі, Грекия мен Солтүстік Македонияның, Косово, Черногория, Төменгі Италия мен Сицилияны мекендейтін халықтардың тілі болып табылады.
Грек тілі – үндіеуропалық тілдердің грек тобына жататын тіл. Бұл тіл дүние жүзінде 14 миллионға жуық адамның туған жері болып табылады, олардың көпшілігі этникалық гректер, сонымен қатар Грецияның өзінде оны арумындар, мегленорумындар, сығандар, славяндар және албандар топтары сөйлейді.
46.Семасиология және полисемия жайлы Семасиология – сөздің мағынасын, мағынаның өзгерісін зерттейтін ғылым. Бұл термин гректің “белгілеу” және “ғылым” деген сөздерінен алынған. Мұны кейбір ғалымдарымыз семантика деп те атайды. Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім)[1] — заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика.
Полисемия-сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады.
47.Екін мен интонация және сөздердің орын тәсілдері Екпін -тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегментті бірліктердің бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басқа буындарға қарағанда бір буынның ерекше күшпен айтылуын екпін деп білеміз. Екпін түскен буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны жағынан ерекшеленеді.
Интонация-сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация-сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі.Интонация-төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс: