Пассив сөздерсирек пайдаланылатын, мән-мағынасын түсінгенмен, күн сайын қолданылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады.
41.Дыбыстардың алмасуы және ішкі флексия тәсілі Дыбыс алмасуына сөйлеу кезінде, не тілдің тарихи дамуы барысында сөз ішіндегі бір дыбыстың басқа дыбысқа айналуы жатады. Қазақ тілінде, негізінен, дауыссыз дыбыстардың алмасуы көп ұшырайды. Дыбыс алмасуы фонетиканың заңдарына сәйкес алмасу және тарихи алмасу болып екіге бөлінеді. Дыбыс алмасуының алғашқы түріне көрші дыбыстардың әсерімен болған алмасулар енеді: а) тіл алды н дауыссызы б, п дыбыстарының алдында келсе, ң дыбысымен алмасады: көмбіс (жазылуы көнбіс), түңгі (жазылуы түнгі), т.б
Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі — флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл.
42.Аналитикалық, синтетикалық құрылысты тілдер жөнінде АНАЛИТИКАЛЫҚ ТІЛДЕР — сөйлем құрамындағы сөздер бірімен бірі өзара шылаулардың көмегімен немесе сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы байланысатын тілдер тобы
СИНТЕТИКАЛЫҚ ТӘСІЛ етістік сөзжасамында белсенді қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы етістіктің жасалуы сөзжасамдық жұрнақтармен байланысты. Етістіктің сөзжасамдық жұрнақтарының негіз сөзге жалғанып, оның мағынасын өзгертуі не түрлендіруі синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деп аталады.
43.Тілдің стильдік қабаттарына байланысты лексика жайлы Тіл өзінің сөздік құрамы арқылы адамның өндірістік іс-әрекетімен және оның барлық жұмыс саласындағы басқа да іс-әрекеттерімен байланысты. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық және рухани мәдениеттің барлық салаларының дамуына байланысты туған жаңа заттар мен құбылыстарды және олардың ұғымдарын тілде сөзбен атаудың қажеттілігінен туынды жаңа сөздер жасалады немесе олар тілде бұрыннан бар сөздермен аталып, ол сөздердің мағыналарына туынды мағыналар қосылады. Осыдан тілдің сөздік құрамы үздіксіз дерлік толығу, даму күйінде болады
44.Суплетивизм, редукпликация тәсілдері