Техналогиалық бөлім


Трансформатордың релелiк қорғанысын есептеу



бет4/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1.7 Трансформатордың релелiк қорғанысын есептеу

1.7.1 Релелік қорғаныс жөнінде жалпы анықтама. Энергетикалық жүйелердің электр станцияларындағы электрлік қондырғыларында, электрлік желілерде және электроэнергия тұтынушыларының электрлік қондырғыларында зақымдар мен дұрыс емес режимдер пайда болып отыруы мүмкін.


Зақымдар салдарынан тоқтың мәні әлдеқайда жоғарлайды және энрегожүйе элементтерінде кернеу қайта төмендеп кетуі мүмкін.
Жоғары мәнге жеткен тоқ өзінен көп көлемді жылу бөледі. Бұның салдарынан осы тоқ өтіп жатқан сым және қондырғылардың қызып кету қаупі туады.
Кернеудің төмендеуі электроэнергия тұтынушыларының қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді және жалпы энрегожүйе мен генераторлардың параллель жұмыс істеу тұрақтығын нашарлатады.
Дұрыс емес режимдер салдарынан рұқсат етілген кернеу, тоқ және жиілік мәндері сөніп қалуы мүмкін. Жиілік пен кернеудің төмендеуі энрегожүйенің тұрақтылығы мен тұтынушылардың қалыпты жұмысына кері әсерін тигізеді, ал кернеу мен тоқтың жоғарлауы салдарынан қондырғы және электр тарату линияларына қауіп тудырады.
Сонымен, зақымдар электроэнрегия тұтынушылары мен энрегожүйе жұмысын нашарлатады, ал дұрыс емес режимдер энрегожүйе жұмысының бұзылуына немесе ақау тудыруға әкеліп соқтырады.
Энергетика жүйесі мен электроэнрегия тұтынушыларының дұрыс режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін зақымданған жерлерді зақымданбаған тұстардан мүмкіндігінше тез арада сыртқа шығарып, ажыратып алу қажет. Осындай істер арқасында энрегожүйе мен тұтынушылардың қалыпты жұмыс жағдайын қайта қалпына келтіруге болады.
Дұрыс емес режимдердің қауіпті салдарын дұрыс емес режимнен ауытқуын уақытында анықтап және оны қалпына келтіру шараларын қолданатын болсақ жоюға болады (мысалы: тоқтың жоғарлау қаупі туған кезде, оны төмендету шаралары, сол сияқты кернеудің төмендеу қаупі туған кезде шаралар қолдану және т. б.).
Осыған байланысты бұйырған операцияларды орындайтын және жүйе мен оның элементтерін зақымдар мен дұрыс емес режимдер салдарынан туындаған қауіпті жағдайлардан қорғайтын автоматты қондырғыны ойлап табу және қолдану қажеттілігі туады.
Бастапқы кезде қорғаныс қондырғылары ретінде балқымалы сақтандырғыштар қолданылды. Бірақ электрлік қондырғылардың қуаты мен кернеуінің өсуіне байланысты және олардың коммутациялау схемаларының күрделенуіне байланысты қорғаныстың бұндай әдісі жеткіліксіз болып қалды. Сондықтан релелік қорғаныс деген атқа ие болған, қорғаныс құралы реле деп аталатын автомат арқылы іске асатын қорғаныстық қондырғы ойланып табылған.
Релелік қорғаныс қазіргі замандағы энергетикалық жүйенің сенімді жұмыс атқаруы мүмкін болмайтын электрлік автоматиканың қажетті және негізгі түрі болып саналады. Ол энергожүйедегі барлық элементтердің жағдайы мен жұмыс режимдеріне үздіксіз бақылау жүргізеді және зақымдар мен дұрыс емес режимдер туындаған кезде әсер етеді.
Зақымдар пайда болған кезде қорғаныс ақаулар тоғын айырып алу үшін арналған күштік ажыратқыштарға әсер ету арқылы зақымданған бөлікті жүйеден бөліп алады және сөндіреді.
Дұрыс емес режимдер туған кезде қорғаныс оларды бөліп ажыратып алады және дұрыс режимді қалпына келтіруге арналған операция жүргізеді немесе кезекші персоналға белгі береді.
Қазіргі заманғы электрлік жүйеде релелік қорғаныс дұрыс режимді және тұтынушыларды қоректендіруді жедел автоматты түрде қалпына келтіруге арналған автоматикамен тығыз байланысқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет