Техналогиалық бөлім



бет14/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
3.6 Экономикалық тиімділік

Жиілік түрлендіргіш қондырғысын орнатудан түсетін экономикалық тиімділік бірнеше құраушылардан тұрады:


- энергияны үнемдеу 30%-70%-ке дейін
- сosφ-дің 0,9-0,95-ке дейін ұлғаюы
- ПӘК-і 97%-дейін ұлғаюы
- қозғалтқыштың механикалық бөліктерінің жұмыс істеу мерзімінің ұлғаюы
- бірнеше электржетектерді бірлесіп басқарылуы,
Экономикалық тиімділік келесі формуламен есептеледі:

Ээконэл.э.эл.э.2; (3.9)


Ээкон=43605-21802,5=21802,5 теңге


Э=21802,5+264074+66018,5=351895 теңге


Жылдық экономикалық тиімділік мына формула бойынша анықталады:
Эж=Э–Ен∙Кқос, (3.10)

мұндағы Э – енгізу нәтижесіндегі алынған үнемдеу, теңге;


Ен – тиімділіктің нормативтік коэффициенті, 0,32;
Кқос – жаңаландыруға кететін қосымша капиталды шығындар, теңге.

Эж=351895-0,32∙467724,82=202223,058 теңге.


Өтемділік мерзімін келесі формуламен анықтаймыз:




(3.11)



Осыдан шығатыны, өтемділік мерзімі нормативті шамадан төмен, бұл жобаның тиімділігін дәлелдейді.

4 ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ


4.1 Өндірістік санитарлық және жеке тазалықтың негізгі талаптары

Жұмыс алдында тиісті арнайы киімді, касканы, қажет болған жағдайда жабық көзілдіріктер, шудан қорғайтын құлаққаптар кию керек.


Өз жұмыс орнын тексеру және бақылау керек, жұмыс кезінде кедергі болатын аяқ астындағыларды алу керек, электржабдықтарының және аспаптардың жолын босату керек.
Қорғайтын қоршаулардың, электр сымдардың, дабылдардың, электроблоктардың, желдеткіштердің, жарықтың, байланыстың барын және дұрыстығын тексеріп, дұрыс болмаған жағдайда ауысым мастеріне баяндау керек. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын және аспапты жинау керек.
Жұмыс кезінде табылған ескертулер мен дұрыс еместер туралы ауысушыға хабарлау керек.
Карьер аумағы үнемі таза ұсталуы және жүйелі өндіріс қалдықтарынан тазартылуы тиіс. Металл жоңқа, майлы қажалған материалдар, өндірістік қалдықтар арнайы шет жерде сақталуы тиіс.
Карьердің барлық жайлары мен құрылыстарына еркін рұқсат қамтамасыз етілуі тиіс. Жайларға және өрт гидрантына жол және кірме жолдар, сондай-ақ өрт сөндіру құралдары мен жабдықтарына таяну әрқашанда еркін болуы тиіс. Жайлар арасындағы өртке қарсы үзілу материалдары, жабдықтары, орау ыдыстарын қатпарлауға және автокөліктер тұрағы үшін пайдалануға рұқсат етілмейді.
Өрт сөндіру машиналарының жолдарына кедергі жасайтын оларды жөндеу үшін жолдарды жапқаны туралы тез арада өрттен қорғауға ескерту қажет. Жолды жөндеу өндірісі мерзімінде тиісті жерлерге айналып өту бағыты көрсеткішін қою қажет немесе жөнделіп жатқан участктен өтуді жою қажет. Осындай жағдайда қолданылатын жол белгілері МСТ 10807-71 талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Әртүрлі заттар мен материалдарды сөндіру құралдарының /су, ұнтақ/ және материалдардың тұтануының біртектілік белгісі бойынша сақтау керек.
Кеніштің материалдар қоймасында және жабдықтар қоймасында тез тұтанатын және жанар-жағар май сұйықтарын сақтауға тыйым салынған.
Жанар-жағар май материалдары арнайы бөлінген жерде сақталуы тиіс.
Карьер аумағында жеке меншік транспортына кіруге және қоюға тыйым салынған. Жайлар арасындағы өртке қарсы үзіліс аймағында транспортты, сондай-ақ өрт гидранттарына жақын қоюға рұқсат етілмейді.
Карьер аумағында бір жолғы және уақытша жұмысты орындаушы тұлғаларға уақытша рұқсатнамалар беріледі, орындалатын жұмыспен байланысы жоқ тұлғаларға зауытта жүруге тыйым салынған.
Электр сымдарын және электр аспаптарын ұстау, жұмыс аяқталғаннан кейін кернеуді электр желісінен алу және зақымданған оқшаулы, пайдалану кезінде электр өткізгіштік қасиетін жойған кабелдер мен сымдарды пайдалануға тыйым салынған.
Жайларды жылыту мақсатында қолдан жасалған аспаптар мен қыздыру лампыларын пайдалануға тыйым салынған. Ұштары оқшауланбаған электр сымдары мен кабелдерін кернеумен тастауға тыйым салынған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет