Техналогиалық бөлім


Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар



бет5/17
Дата10.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#91602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ахмет

1.8 Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар

Селективтілік - қорғаныстың селективтілігі дегеніміз қысқаша тұйықталу кезінде қорғаныстық желінің зақымданған бөлігін ғана сөндіру. Мысалы: к1 нүктесінде қысқаша тұйықталу болған жағдайда қорғаныс зақымданған линияны ең жақын орналасқан ажыратқаш арқылы сөндіруі керек. Бірақ, зақымданған линиядан қоректенетін тұтынушылардан басқа тұтынушылар жұмыста қалуы тиіс. Сонымен тұтынушыларды сенімді түрде қоректендіру үшін селективтіліктің орны бөлек. Қорғаныстың селективті емес әсері аварияның дамуына әкеліп соқтырады.


Тез арада әсер ету - қысқаша тұйықталудан сөндіру мүмкіндігінше жылдам болуы тиіс. Тиімділігі: қондырғының зақымдану мөлшерін шектейді, линия мен шиналардың автоматты түрде қайта қосылу тиімділігін жоғарлатады, тұтынушылар кернеуінің төмендеу ұзақтығын қысқартады және генераторлар мен электростанциялардың параллель жұмыс істеу тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Атап өткен шарттардың ең соңғысы басты шарт болып есептеледі.
Тұрақтылықты қамтамасыз ету шартына сәйкес қысқаша тұйықталуды сөндірудің рұқсат етілген уақыты бірқатар факторларға байланысты болып келеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы болып энрегожүйедегі электростанциялар мен түйінді қосалқы станциялардың шиналарындағы қалып қоятын кернеу мәні болып есептеледі. Қалып қоятын кернеу аз болған сайын тұрақтылық шартын сақтау қиынға түседі және сәйкесінше, қысқаша тұйықталуды жылдамырақ сөндіру керек болады. Тұрақтылық шартына сәйкес жғрмен біте тұйықталған нейтраль жүйесіндегі үшфазалы және екіфазалы жерге тұйықталу ең күрделісі болып есептеледі.
Өйткені бұндай зақымдар кезінде барлық фазааралық кернеулердің әлдеқайда төмендеп кетуі байқалады.
Қазіргі заманғы энрегожүйелерінде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қысқаша тұйықталуды сөндіру үшін өте аз уақыт қажет. Мысалыға, 300-500 кВ электрожүйелерінде зақымды пайда болысымен 0,1-0,12 сек соң сөндіру қажет, ал 110-220 кВ жүйесінде 0,15-0,3 сек ішінде сөндіреді. Қоректендіру кезінде үлкен кедергімен бөлінген 6 және 10 кВ тарату желілерінде қысқаша тұйықталуды 1,2-3 сек ішінде сөндіруге болады, өйткені олар жүйенің тұрақтылықтан ауытқып кетуіне әсер етпейді.
Сөндірудің рұқсат етілген мәніне нақты бағаны арнайы есептеулер арқылы табуға болады.
Егер де қалып қоятын кернеу номинал кернеудің 60 % құраса, онда тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында зақым болған жерді тез арада сөндіру қажет, яғни тез әсер ететін қорғанысты қолданады.
Зақымданған жерді сөндірудің толық уақыты tоткл tз қорнғаныс жұмысы уақытынан және қысқаша тұйықталу тоғын сөндіретін ажыратқыштардың әсер ету уақыттарынан тұрады, яғни tоткл=tз+tв. Сонымен, сөндіруді тездету үшін қорғаныстың да және ажыратқыштың да әсер ету уақытының үдеуін тездеткен жөн болады. Ең көп таралған ажыратқыштар 0,15-0,06 сек уақытымен әсер етеді.
Бұндай ажаратқыштардың қысқаша тұйықталды сөндіру талабын орындау үшін, мысалыға, t=0,2 сек болғанда, қорғаныс 0,05-0,12 сек уақытымен әсер етуі тиіс, ал 0,12 сек ішінде сөндіру қажет болса және ажыратқыштардың әсер етуі 0,08 сек болса, онда қорғаныстың орындалу уақыты 0,04 сек аспауы керек.
0,1-0,2 сек уақыты аралығында әсер ететін қорғаныс тез арада әсер ететін қорғаныс болып есмептеледі. Қазіргі заманғы тез әсер ететін қорғаныстар 0,02-0,04 сек уақытымен жұмыс істеуі мүмкін.
Тез әсер етуді талап ету энергожүйе мен электростанциялардың параллель жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірден-бір шарты болып саналады. Бұл өте күрделі және қымбат қорғаныстардың түрі болып есептеледі, сондықтан да бұл қорғаныстарды уақыт ұстамасымен жұмыс істейтін әлдеқайда қарапайым қорғаныстар әсер етудің қажетті нормасын орындамаса ғана қолданылады.
Істі оңайлату мақсатында қажетті селективтілікті қамтамасыз ететін қарапайым тез әсер ететін қорғаныстарды қолдануға мүмкіндік беріледі. Селективті емес сөндіруді жөндеу үшін АПВ-ны қолданады. Ол селективті емес сөндіретін элементті тез арада қайта қосады.
Сезімталдық - қорғаныс қысқаша тұйықталу (тоқтың көбеюі, кернеудің төмендеуі және с. с.) кезінде пайда болатын дұрыс режимдердің ауытқуына әсер ету үшін, ол қандайда бір сезімталдыққа ие болуы тиіс.
Қорғаныстардың кейбір түрлерінің әсер етуі өздерінің әсер ету принциптеріне байланысты участок шегінен аспайды. Бұндай қорғаныстардың сезімталдығы оның осы участок ішінде сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз етуі тиіс. Келесі бір участокты резервтеуді қамтамасыз ету үшін бұл жағдайда резервті деп аталатын қосымша қорғаныс орнатылады. Әр қорғаныс тек металдық қысқаша тұйықталуға ғана емес, сонымен қатар электрлік доға тудыратын өтпелі кедергі арқылы болатын қысқаша тұйықталулар кезінде де әсер етуі тиіс.
Қорғаныстың сезімталдығы жүйенің минималды режимдері кезінде пайда боллған қысқаша тұйықталулар әсер етуі тиіс, яғни қорғаныс әсер ететін мәндердің өзгеруі (тоқ, кернеу және т. б.) әлдеқайда аз болғанда.
Сонымен, қорғаныстың сезімталдығы қысқаша тұйықталу кезінде, ол орнатқан зонаның соңында жүйенің минималды режимінде әсер етуі керек және электрлік доға арқылы тұйықталғанды. Қорғаныстың сезімталдығын сезімталдық коэффициенті kч деп сипаттаған жөн болады.
Сенімділік - сенімділікке талап дегеніміз, қорғаныс өз зонасының сыртындағы қысқаша тұйықталуға да мүлтіксіз әсер етуі тиіс және де оның жұмысы қарастырылған режимдерде дұрыс емес істемеуі керек.
Қорғанысқа сенімділікті қамтамасыз ету үшін сызбалар қарапайым болуы тиіс, реле және контакторлардың санын сызбада азайту керек, жалпы құрылысы қарапайым және реле немесе басқа аппаратуралар сапалы болуы қажет. Сонымен қатар монтаждау материалдары, монтаждың өзі мен түйіспелердің қосылыстары сапалы болуы керек.
Соңғы уақыттары релелік қорғаныстың сенімділігінің анализі және оған баға беру әдістерін дайындауда ықтималдылық теориясын пайдаланып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет