Тәжірибе бағдарламасының орындалу уақыты Бағдарламаға сәйкес орындалу қажет жұмыстар тізбегі


Техникалық жабдықталу мен өндірістік қызметті талдау(өндірістік санитария,еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы)



бет7/13
Дата29.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#103710
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
САБИРА практика 2023ж (копия) 4

Техникалық жабдықталу мен өндірістік қызметті талдау(өндірістік санитария,еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы).
Техникалық жабдықтау кәсіпорынды барлық құрал түрлерімен жоспар негізінде қамтамасыз ету процесін білдіреді.Техникалық жабдықтау берілген өндірістік бағдарламаны орындау және артығымен орындау үшін кәсіпорынның қалыпты өндірістік – шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге негізделген.
Техникалық жабдықтауды ұйымдастыру және жоспарлау материалдық құралдардың шығындары мен запастарын мөлшерлеуге негізделеді. Материалдық ресурстар шығындарының мөлшері белгіленген жағдайда озат технологияны және өндірісті ұйымдастыру мен еңбектің озат әдістерін енгізуді есепке ала отырып, өнім бірлігін өндіру үшін немесе жұмыс бірлігін орындау үшін оларды тұтынудың максимал мүмкін шамасын анықтайды.
Өндірістік запастар тұтынушы кәсіпорынның қоймаларында орналасады. Өндірістік запастар шартты түрде ағымдық, дайндық, сақтандыру және маусымдық болып бөлінеді. Өткізу және өндірістік запастардың мөлшерін анықтау үшін үш түрлі өлшем қолданылады:
натуралды (дана, тонна, метр куб);
құндық;
қатысты (уақыт бірліктері: жыл, ай, декада, тәулік және т.б.).
Электр энергиясын есептеудің жеке құралы (ЖЕҚ) өлшеуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал; тұтынушылардың электр энергиясын есептеу құралдары энергиямен қамтушы мекеме өкілдерінің еркін қолжеткізімді орындарда орналасуы керек.
Пломбалау құрылғысы (пломба, пломбалау тросы) - бұл рұқсат етілмеген қол жеткізімді бақылау жасауға мүмкіндік беретін құлыпталатын механизмі бар бір реттік пайдаланылатын құрылғы.
Электр энергиясын есептеу схемасы - берілетін және тұтынылатын электр энергиясына есеп шығару үшін санауды қамтамасыз ететін электр энергиясын есептейтін құрылғылардың нақты электр торабы..
Электр энергиясының ток қабылдағышы -электр энергиясын қабылдауға және пайдалануға арналған құрал немсе құрылғы.
Электр энергиясын коммерциялық есептеу схемасын тексеру есептеу құралдарының жай-күйі мен қосылу схемасын тексеру мақсатында энергиямен қамтмасыз етуші мекеме өкілдерінің тұтынушының қатысуымен жүзеге асыратын іс-шаралары.
Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады. Кәсіпорында еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады.
Өндірістік санитария деп зиянды өндірістің факторлардың жұмысшыларға әсерін төмендететін немесе жоятын ұйымдастыру шаралары мен техника – механикалық жабдықтардың жүйесі.
(7-сурет).







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет