Тәжірибе бағдарламасының орындалу уақыты Бағдарламаға сәйкес орындалу қажет жұмыстар тізбегі



бет4/13
Дата29.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#103710
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сурет-6. Санитарлы және техникалық тазалау.

Санитария және техникалық қауіпсіздік шараларына жұмсалатын барлық құралдардың 30 –40%-на жуығы әртүрлі желдету қондырғыларын


орнатуға жұмсалады. Желдету жүйесінің үрмелі ауаны жылыту,ылғалдау, тазалау, суыту және құрғату құралдары бар. Атмосфераға тасталынатын желдету және технологиялық тастандылармен байланысты,
желдету жүйесі қоршаған ортаны ластаудан қорғауда маңызды рөлге ие. Тастандыларды тазалау және тарату бойынша дұрыс шешім қабылдау, шаруашылықтық, гигиеналық және экологиялық маңызды болады. Жылыту –желдету техникасы үлкен даму және жетілу жолын өткеруде, пешпен жылытудан бастап, XIX-ғасырдың басында орталықтан жылыту мен желдетуді қолданатын жылы ауамен жылыту енгізілді. Бөлмеде берілген парраметрлерді қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығын, жасанды климат құру үрдісі.
(6-сурет).
Бөлмелерді желдетуге және жұмыс зонасында ауа ортасының өлшемдерін қамтуға
қажетті аз мөлшерін есептеу тәсілімен жүргізеді.
Есептеу артық жылу, ылғал немесе бөлінетін
зияндылықпен (шаң, газ, бу) есептеледі. Бөлмеде бір
уақытта жылу, ылғал және зиянды заттар бөлінсе,
қажетті ауа алмасу зияндылықтан басымырақ болады.
Желдендіру өндірістік бөлмелердің ауа ортасын
сауықтыру бойынша шаралар жүйесін толықтайтын
санитарлық-техникалық құрал болып табылады.
Желдендіру көмегімен жылу мен ылғалдылықтың,
сонымен қатар газдардың, булардың және шаңның
артық мөлшерімен күрес жүргізеді. Желдендіру жүйелерінің тиімді жұмыс істеуіне баға беретін тікелей және жанама әдістер бар.
Жанама әдістерге - өндірістік бөлмелердің ауа ортасының санитарлық нормаларға, жұмыс аумағының ауасындағы зиянды заттардың концентрациясы, температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы мен ауаның қозғалу жылдамдығы, жылулық сәулеленуі тұрғысынан сәйкестігіне баға беру жатады; тікелей әдістерге – келесі өлшенетін көрсеткіштер жатады: ауа
ағымдарының жылдамдығы мен температурасы, өнімділік, желдеткіштің дамытылған қысымы мен айналымдар саны, қысымдар немесе зарядтар
айырмасы, желдендіру жүйесі элементтерінің шу және дірілі, сорылатын ауадағы зиянды заттардың концентрациясы болып табылады.




13.06.2023-19.06.2023ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет