Нормативті құжаттармен және санитарлық-техникалық құжаттармен танысу.
ЖШС “Агро Даму”кәсіпорнының асханасында 2023жылдың 09мамыр-12мамыр аралығында нормативті құжаттармен және санитарлық-техникалық құжаттармен таныстым.
Нормативтік құжаттар олар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді:
Сыртқы құжаттар,бұл еңбекті қорғау жүйелерінің жұмыс жасауымен қамтамасыз етуіне және құрастыруына сәйкес заңнамалық, нормативтік, және басқа да талап етілген құжаттар. Сыртқы құжаттар құрамына кіреді: еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, ережелер мен нұсқаулықтар (соның ішінде үлгілік), еңбекті қорғау (еңбекті қорғау стандарттар жүйесі) бойынша мемлекеттік нормативтік талап етуден тұратын нормативтік құжаттар сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР заңдары мен кодексі, ҚР Үкіметі шығарған қаулылар, ҚР министрлік және ведомстік бұйрықтары мен қаулылары; салалық стандарттар (ОССБТ); санитарлық ереже (СЕ); санитарлық норма (СН); гигиениялық нормативтер (ГН); санитарлық ережелер мен нормалар(СанПиН); құрылыстық нормалар мен ережелер(ҚНжЕ); қауіпсіздік ережесі (ҚЕ); қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар (ҚН); салааралық еңбекті қорғау бойынша ережелер (СЕҚ Е); салалық еңбек қорғау бойынша ережелер (СЕҚ Е).
Іішкі құжаттар, бұл ұйымда жасалынған еңбекті қорғауды басқару жүйелерін жүзеге асыру және бақылау, өңдеу, енгізу, жоспарлау, жұмыстың істелуімен қамтамасыз ету құжаттары.
Санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.
Ондай шараларға мыналар жатады:
1.Жұмыс орнында тиісті микроклиматты қамтамасыз ету;
2.Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
4.Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
5.Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
7.Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
8. Қызметкерлердің арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
9.Технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарақтандыруға көшу.