Тәжірибе бағдарламасының орындалу уақыты Бағдарламаға сәйкес орындалу қажет жұмыстар тізбегі


Технологиялық процестерді және олардың тиімділігін жоғарылату жолдарын қарастыру



бет6/13
Дата29.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#103710
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Технологиялық процестерді және олардың тиімділігін жоғарылату жолдарын қарастыру.
ЖШС “Агро Даму” кәсіпорнының бас аспазы Жанболатова Света Армияновна технологиялық процестерді және оларды қалай тиімді жоғарылату керек екенін көрсетті. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды. Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік бұл негізгі және көмекші. Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:
шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
өндірістің ауқымы;
кооперациялау деңгейі цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым болып табылады.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көтереді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде құрылады.
Металлдарды термиялық өңдеу болаттар мен қоспалардың қасиеттерін кең ауқымда өзгертуге мүмкіндік береді.Термиялық өңдеу болаттар мен қоспалардың физико-механикалық,эксплуатациялық қасиеттерін жақсартады,бұл арзан материалдарды шаруашылықта пайдалануға көмек береді.
ХТӨ техниканың әр түрлі салаларында кең пайдаланылуы машиналар мен механизмдердің көпшілік тетіктері, максимум кернеулер металдың беттік қабаттарында пайда болатын криогенді немесе жоғары температураларда тозу, кавитация, циклдік жүктеме, коррозия жағдайында жұмыс істейтіндігімен түсіндіріледі. Металдар мен қорытпаларды беттік беріктендіру, сонымен қатар коррозиядан қорғау мақсатымен ХТӨ машина тетіктерінің сенімділігі мен ұзақ тұрақтылығын жоғарылатады. ХТӨ өте маңызды кезеңі – диффузия. Металдарда алмастыратын қатты ерітінділер пайда болғанда, диффузия негізінен бос орын механизмі бойынша өтеді. Енгізетін қатты ерітінділер пайда болғанда түйін аралықтар диффузиясы механизмі жүзеге асады.
Болаттың көміртегімен, азотпен және осы элементтер біріккендегі диффузиялық қанықтырылуы – өнеркәсіпте кең тараған химия-термиялық өңдеу процестері.
Құюдың технологиялық процесстері. Құймалардың сапасы мен шығарылуының артуына құю өндірісінде құюдың арнайы әдістерінің дамуы мен кең қолданылуы едәуір мөлшерде әсерін тигізді. Олар: кокильге құю (металл қалып), балқытылатын және күйдірілетін үлгілерге құю, қабықшалы қалыпқа құю, центрден қашырып құю, қысыммен құю және т.б. Бұл тәсілдер көркем құюдың өндірісінде әзірше қолданылуын таппағанмен, олардың кейбіреулері архитектуралық құйма және оның бөліктерін алуда қолданыла алатын еді. Ескерте айту керек, көптеген күрделі өндіріс процестеріндегідей өткен көркем құюда да құпиялар болған және олар кәрі шеберлермен қатаң сақталып, тек мұрагерлікпен берілген. Жеке кәсіптерде технологиялық құпияларды сақтау дәстүрі біздің күнімізге дейін жеткен және жеке кәсіпорындар арасында тәжірибенің таралуы мен алмасуына кедергі жасайды. Бұл көркем құю өндірісінің техникалық жабдықтау, машинажасау құймаларын алуда өте танымал кең қолданылатын құймаларды алудың прогрессивті әдістерін қолдануда артта қалуын түсіндіреді.
Құйылу жүйесі. Құю өндірісі – металдық бұйымдарды және әр түрлі өнеркәсіптер үшін дайындамалар жасаудың ежелден келе жатқан және қазір де негізгі әдістердің бірі болып табылады.Құю бөлшектері тек машинажасау және приборжасауда ғана емес,сонымен қатар,үй салу,жол салу, тұрмысқа қажет заттар және мәдени ғимараттар салуда қолданылады. Құйылудың 2 тәсілі бар: кәдімгі, арнайы. Кәдімгі құйылу әдісінде құмды-сазды формалар құйылады. Кәдiмгi дәстүрлi әдiстiң құмды-сазды формаларды құюда құю қалыбының ең маңызды мiнездемелерi ретінде - ол бiр жолғы және тiркеуiш болып табылатын технологиялық үдерiстiң негiзгi аспабы деп санауға болады. Құю қалыбы дисперсиялық отқа шыдамды, механикалық, химиялық, физикалық немесе құрамалық әдiстермен жасауда қатайтылатын материалдардан орындалады.
Электродтар,олардың функциялары. Вольтамперметрияда электролиттік ұяшықтар қолданылады. Ондағы екі электродтың біреуі тәжірибе жағдайында күшті полярланса, екіншісі әлсіз полярланады. Бұл олардың бетіндегі фазаларының әр түрлі шамада түйісулерімен байланысты. Электродтың беткі ауданы үлкен болғанда, ток тығыздығы темендейді де, ол берілетін ток күшінің өзгерісі мен кернеуге шамалы ғана тәуелді болады. Мұндай электрод ретінде сынап қабаты жиі қолданылады. Полярланбайтын қаныққан каломелді электрод деп аталатынды электродты да қолдануға болады. Оны тікелей ұяшыққа орналастырып немесе электрлік кілт не көпір арқылы жалғастырып пайдаланады. Екінші беттік ауданы өте аз электрод аса күшті полярланады, ток күші болмашы ғана артқанда электродтың потенциалы мен ток тығыздығы күшті өсіп, кедергі жоғарылайды. Мұндай электродтың беткі ауданының қасиеті тәжірибе барысында өзгермеуі керек. Бұл талапқа тамшылайтын сынапты электрод сай келеді.




24.06.2023-29.06.2023ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет