Тәжірибе бағдарламасының орындалу уақыты Бағдарламаға сәйкес орындалу қажет жұмыстар тізбегі



бет8/13
Дата29.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#103710
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Сурет-7. Техникалық жабдықталу.
Қауіпсіздік техникасы ережелерін білу мен орындаудың ерекше маңызы бар, өйткені мұның өзі кездейсоқ қатерлерден сақтандырудың бірден-бір кепілі.
ЖЕҚ тексеру - энергиямен қамтушы және (немесе) энергияны жеткізуші мекеме өкілдерінің тұтынушының есептеу құралдарын тексеру мақсатында, сондай-ақ тұтынушының энергиямен қамту келісім-шартының талаптарын орындауын анықтау үшін жасалады және бекітілген тәртіпте сәйкесінше актпен рәсімделеді. Акт энергиямен қамтушы және энергияны жеткізуші мекеменің өкілдерінің және тексеру өткізілген тұтынушының, не оның өкілінің қолы қойылған жағдайда заңды болады. Акт тұтынушы қол қоюдан бас тартқан жағдайда да заңды деп саналады, бірақ мұндай жағдайда актіге энергияны жеткізуші мекеме өкілдерінен және (немесе) кондоминиумды басқару органының өкілдерінен тұратын 3 адамнан кем емес құрамдағы комиссия қол қоюы керек. Даулы жағдай шешімін таппаған кезде мәселе сот арқылы шешіледі.
Коммерциялық есептеудің ЖЕҚ тексеру - есептеу құралдарының бекітілген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестігін анықтауға және растау мақсатындағы мемлекеттік метрологиялық қызметтің немесе басқа да заңды тұлғалардың жүзеге асыратын іс-шаралары.
Тексерудің оң нәтижелері тексеру таңбасымен расталады, оны өлшеу құралына және пайдалану құжаттамысы мен тексеру сертификатына басылады
ЖЕҚ тексерудің нақты уақыты өлшем құралдарын өндіруші-зауыт берген паспортында көрсетіледі
Төменде кауіпсіздік техникасының негізгі ережелері берілген.
1. Комбайнда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, тиісті куәлігі бар адамдар ғана жіберіледі. Комбайнда жұмыс істеуге кәмелетке толған (17-ден кіші емес) жастар да жіберілуі мүмкін, бірақ ондай жардайда мына шарттар сақталуға тиіс: а) дәрігерлік комиссияның рұхсат қағазы; ә) кәсіподақ комитетінің келісімі; б) комбайнды жүргізуге право беретін куәлік.
2. Аз мөлшерде болса да алкоголь ішімдігін ішкен жағдайда комбайнды басқаруға тыйым салынады.
3. Әкімшілік тапсырған жүмысты және оны орындау қауіпсіздігі белгілі болған жағдайда ғана жұмысқа кірісу қажет.
4. Қауіпсіздік қызмет операцияларын орындаған кезде тек кана жарамды қүралдарды пайдалану керек. Басы мұжылған балға, басы зақымдалған кескіш сияқты ақақауы бар құралдарды пайдалануға болмайды.
5. Қандай да болмасын бір затты немесе детальды комбайн шанағына салып тасуға болмайды. Шанақты дәннен босатқан кезде дәнді күрекпен немесе басқа да заттармен итеруге болмайды.
6. Қандай жүк болмасын шөмелелегіш камерасына салып тасуға болмайды.
7. Комбайнға баспалдақпен көтеріліп және түсу қажет. Бас-палдақты жиі-жиі тазалап тұрған жөн.
8.Ұқыпты қымталған, жинақы киіммен (комбинезонмен) жұ-мыс істеу керек және күннен қорғауыш көзілдірікті пайдаланған жөн. Комбайнда қажетті медикаменттермен жабдықталған аптечка болуға тиіс.
9. Комбайн немесе жинау агрегаты жұмыс істеп жүрген учаскелерде, сондай-ақ олардың тұрақтарында ұйықтауға немесе дем алуға болмайды. Дем алуға арналған орындарды алыстан байқа- латын қадалармен белгілейді, ал түнгі уақытта фонарьлармен жа-рықтандырады.
10. Жатканы тракторға тіркеген кезде оған қырқу аппараты жағынан келуге болмай
11. Двигатель ілінісін қосар алдында ең бірініші комбайнды реттеп жүрген ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізу керек.
12. Шалғыны саусақтық білёуден алғанда немесе оған салғанда қолғапты пайдаланып, өте сақтықпен қимылдау керек.
13. Қалбағай вариаторының жоғарғы шкивінің ортаңғы серіп-песін бекітетін сақинаны серіппені алдын-ала преспен сығу арқылы ғана монтаждау немесе бөлшектеу қажет.
14. Двигатель жұмыс істеп тұрғанда комбайнға жанар май құюға, қырқу аппараты мен басқа да жұмыс органдарын тазалауға, подшипниктерді майлауға немесе комбайн механизмдерінің қандай да болмасын ақауларын жөндеуге болмайды.
15. Аккумулятор батареясын алғанда немесе орнатқанда дененің ашық бөліктері мен киімге электролит шашырауынан сақтану керек.
16. Суымаған двигатель радиаторынын, қақпағын қолғапсыз не-месе шүберексіз ашуға болмайды. Қақпақты ашқан кезде құю те-сігіне бетті тақамау керек.
17. Комбайнға баспалдақпен көтеріліп және түсу қажет. Бас-палдақты жиі-жиі тазалап тұрған жөн.
18. Комбайнда жұмыс істеген кезде мына ережелерді сақтау қажет:
жүріп келе жатқанда рульдік доңғалақты қолдан шығарура болмайды;
ілініс қосылып тұрғанда жүмыс органдарын бұрауға бол-майды;
комбайнды тоқтатқанда берілісті ауыстыру қорабынын, рычагын бейтарап қалыпқа қою керек;
еңістен түскенде берілісті ауыстыру қорабын ажыратуға бол-майды;
жүріп келе жатқанда комбайнға жақын маңда, әсіресе шөме-лелегіште артында бөгде адамның болуына жол бермеу керек;
комбайнды берілісті ауыстыру қорабы қосулы күйі тіркеуге болмайды;
тежеуіш жүйесі мен рульдік механизмді үнемі тексеріп отыру керек;
жатка корпусын көлбеу корпусқа асып орнатқанша теңестіру механизмі рычагының бекіту болттарын кронштейннен босатпау қажет;
двигатель тоқтағанша басқару алаңшасынан кетуге болмайды;
егер комбайн жаткасы көтерулі қалпында сенімді түрде бекі-тілмеген болса, оның астына кіріп қандайда болмасын тетікті жөн-деуге болмайды;
комбайн немесе жатка домкратпен көтеріліп тұрғанда, оларға қосымша сандал (козел) немесе басқа да тіреуіштер қоймайынша, астына кіруге болмайды. Жұмсақ жер жағдайында домкраттың астьша берік тақтай төсеу керек.
Бақылау-кассалық машинасы ақшалай есеп айырысу туралы ақпаратты тіркеу және бейнелеу үшін қолданылады. Қарапайым түрде айтқанда, бақылау-кассалық машинасы – белгілі бір жүргізілген сауда операциясын немесе қолма-қол ақшамен жасалған қызмет туралы ақпаратты тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ететін фискалды жады бар электронды аппарат.
Бүгінгі күнде бақылау-кассалық машиналары үш негізгі бағыт бойынша қызмет етеді. Бірінші- бақылау-кассалық машинасын қолданушыны қорғау. Кәсіп иесі үшін сатушының жұмысын бақылау, мекемедегі бухгалтерлік және қойма есебін қадағалау маңызды болып табылады.
Екінші –тұтынушылардың құқын қорғау. Мысалы, егер алынған тауар белгілі-бір объективті себептермен сатып алушыны қанағаттандырмаған жағдайда тауарды бақылау-кассалық машинасының чегі арқылы қайтарып алуға немесе алмастыруға болады. Сондықтан салып алынған тауардың сапасыз тауар екендігі анықталған жағдайда да тауардың сатып алынған чегі болуы қажет.
Үшінші бағыт-фискальдық қызметі. Барлық бақылау-кассалық машиналары арнайы фискалдық жады қондырғылармен жабдықталған. Кез-келген уақытта барлық ақшалай есептер туралы ақпараттарды сақтау және кәсіпкердің кез-келген кезең бойынша түскен кірістері туралы мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Сондықтан салық органы қызметкерлеріне бақылау-кассалық машинасы көмегімен сауда мекемелерін тексеру барысында аппарат жадында сақталған дұрыс мәлімет алуға мүмкіндік туады.
Бақылау чегі-сатушы мен сатып алушының арасындағы қолма-қол есеп айырысу фактісін дәлелдейтін бақылау-кассалық машинасының алғашқы есеп құжаты.
Тұрмыстық лас сулар қол жуғыштан, ванналлар мен әжетханалардан, моншадан, кір жуу орындарынан, душтардан және т.б. орындардан жиналады. Тұрмыстық лас сулар өте лас болып саналады. Олардың құрамында минералдық, органикалық ластанулар мен ауру туғызатын микроорганизмдер болады. Оларды табиғи су қоймаларына тастар алдында тазарту керек.
Атмосфералық лас сулар жауын дауып, қар ерігенде пайда болады және қала және өндірісітік мекеменің территориясындағы лас заттармен ластанады. Бұл сулар салыстырмалы түрде таза болып есептеледі және санитарлық бақылау орындары бұл суларды тазартусыз табиғи су қоймаларына жіберуге рұқсат етеді. Өнеркәсіптік лас сулар құрамы бойынша алуан түрлі болып келеді. Бұл сулар өндіріс технологиясымен қалдықтарды әкетуге байланысты ластанады. Өндірістік лас сулар арасында құрамы жағынан салыстырмалы түрде таза немесе адамдар, жануарлар және өсімдіктер әлеміне нұқсан келтіретіндей лас сулар болады. Қажет болған жағдайда, өндірістік лас сулар арнайы тазартудан өтуі керек. Кейбір лас сулар сипаты, концентрациясы және құрамы бойынша түрлі тазарту әдістерін қажет етеді, сондықтан оларды әкету үшін жеке канализация жүйелері тартылады. Канализацияның үш түрі бар: жалпыға бірдей, жеке және толық жеке емес. Жалпыға бірдей канализация - барлық лас су түрлерін бір канализация тармағымен тазарту орындарына жеткізуге арналады. Жеке канализация жүйесі – жекелеген канализациямен лас су әкетуге арналады. Толық жеке емес канализация жүйелері тұрмыстық лас суларды әкетуге және өндірістік лас суларды әкетуге арналған жүйе. Лас сулады жинау, әкету, тазарту және су қоймасына жіберу жұмыстары канализация жүйесі арқасында атқарылады және ол мынадай элементтерден тұрады: үй ішілік және цехтық канализация құрылымы; сыртқы квартал ішілік канализация тармағы; сыртқы көшелік канализация тармақтары; сорғы станциялары, арынды құбырлар, тазарту орындары; лас суды су қоймасына жібереді. Канализация жұмысын бақылау үшін, сонымен қатар, тазалап отыру үшін канализациялық бақылау құдығы орнатылады. СНиП талаптарына сай олар мынадай жерлерде қарастырылады: канализация құбырларының қосылған жерінде; құбырлардың диаметрі, еңісі және бағыты өзгерген тұстарда; түзу учаскелерде ( құбыр диаметрі 150-ден 600 мм-ге дейін – 50 м сайын, құбыр диаметрі 600-ден 1400 мм-ге дейін – 75 м сайын, құбыр диаметрі 1400 мм-ден жоғары болғанда – 150 м сайын). Арналуына байланысты бақылау құдықтарын сызықтық, бұрылыстық, жалғау, өзгерістік және шайма құдықтары деп бөледі. Канализация құдықтары жұмыс камерасы мен өңештен тұрады .
Құдық өңеші жұмыс камерасының плитасы үстіне орнатылады. Оның биіктігі тармақтың төселу тереңдігіне байланысты анықталады. Өңеш диаметрі – 700 мм. Құдыққа түсі үшін өңеш қабырғалары мен жұмыс камерасына тұтқалар орнатылады.Қала канализация тармақтарында көбінесе, жақсы гидравликалық және техника-экономикалық көрсеткіштерге ие болған, сыртқы күш әсерлеріне төзім беретін және пайдалану мен монтаждау кезінде ыңғайлы дөңгелек қималы құбырлар қолданылады. Канализация құбырлары кимелі (раструбные) немесе тегіс ұшты болып келеді.Лас сулар су қоймасына тасталмас бұрын тазартудан өтеді. Қала канализацияларында тазартудың екі әдісі қолданылып келеді: механикалық және биологиялық. Механикалық тазарту сүзгіден өткізу мен тұндыруды қарастырады. Бұл кезде лас сулардан механикалық және органикалық ірі дисперсті заттар алынып тасталады. Қажет болған жағдайда, механикалық тазартудан өткен суды биологиялық тазартудан өткізеді. Биологиялық тазарту механикалдық тазартудан кейін лас су құрамында қалған органикалық заттарды аэробты бактериялармен қышқылдандыруға негізделеді.
Нормативтік жарықтандыруды апаттық сөндіргенде бөлмеден адамдарды көшіру үшін эвакуациялық жарықтандыру қарастырылады. Ол адамдардың өтуіне арналған қауіпті орындарда, сатылы торларда орналастырылады. Өту жолдарындағы жарық ғимараттарда 0,5 лк кем емес және сыртында 0,2 лк болуы тиіс.
Қорғаныстық жарықтандыру түн мезгілінде шекараның бойында қорғалатын аумақтары да ескеріледі.
Жарықтың техникалық есептемесі:
- пайдалану коэффициенті әдісімен;
- нүктелік әдіспен;
- меншікті қуат әдісімен орындалуы мүмкін.
Пайдалану коэффициенті есептік бетке түсетін жарық ағынының жарықтандыру аспабының толық ағыны қатынасына тең коэффициент мәнін анықтаумен бекітіледі. Одан кейін берілген жарықты құру үшін қажетті сәуле көзінің жарық ағыны анықталады.Көлемнің жарықтылғына байланысты меншікті қуаттың мәнін анықтаудан тұрады.




30.06.2023-01.07.2023ж



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет