«Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С. Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы


Білім беру ұйымының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қаржыландыру көздері



бет11/11
Дата15.03.2023
өлшемі69,18 Kb.
#74616
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Білім беру ұйымының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің қаржыландыру көздері

106. Мекеме өз қызметін білім алушылардың оқытылуы мен тәрбиеленуіне арналғанмемлекеттік тапсырыстың, сонымен қатар мекемелер мен ұйымдармен жасалған шаруашылық келісім-шарттар негізінде жүргізеді. Мектептің қызметін қаржыландыру бюджеттен, мемлекеттік және қаржыландырудың жергілікті нормативтері негізінде жүзеге асырылады.
107.Мекеме ҚР заңдылықтарында белгіленген ретпен, Жарғы мен ҚР заңдарында қаралған ақылы қосымша оқыту, басқа да қызметтер есебінен қосымша қаражат қорларын тартуға құқылы. Жұмыс пен қызмет көрсету ақылары ҚР заңдылықтарына сәйкес белгіленеді. Бұл реттегі кірістерді бөлу тәртібі мектеп Жарғысына сәйкес өз ішінде анықталады. Кірістер бірінші дәрежелі шараларды ескере отырып мақсатты түрде жұмсалады.
108. Қосымша қаражаттарды тарту мектептің бюджет есебінен қаржылануының мөлшері мен нормативтерінің азаюына әсерін тигізбейді.
109. Қосымша ақылы білім беру қызметінен түскен кіріс өндірістік, арнайы даму, жалақы, резервті қорларының ішінде өзара бөлінеді.
110. Ағымдағы жылы қолданылмаған мектеп қаржысы алуға келмейді және келесі оқу жылын қаржыландыру есебіне кіргізілмейді.
- мектеп құрылтайшы келісімімен өзіне бекітілген меншік пен мүліктерді пайдалануға құқылы.
-мектеп мүлкі мен қаражатының қалыптасу көздері мыналар:
-республикалық және жергілікті бюджеттік қаражаттар;
-мектептің өз меншігіндегі мүліктері немесе олардың өкілетті органдары берген мүліктері;
- қосымша ақылы білім беру қызметі есебінен түсетін кіріс;
-заңды және жеке тұлғаладың ерікті түрде көрсеткен көмектері;
-ҚР заңдылықтарына сәйкес келетін басқа да қаржылар.
8.Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

111. Мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.


112. Мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
113. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
114.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
«Темір аудандық білім бөлімі» ММ
«С.Байшев атындағы орта мектебі» КММ
директоры_________________________________________К.С.Советбаева



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет