«Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С. Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы



бет4/11
Дата15.03.2023
өлшемі69,18 Kb.
#74616
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кәсіподақ комитеті:
- мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, ұжымдық еңбек шартын жасайды;
- директормен бірлесе отырып, қызметкерлерді материалдық жақтан мадақтау және педагогтердің оқу жүктемесі мәселелерін шешеді.
23.6 Мектепте ерікті түрде оқушылардың өзін-өзі басқару органдары мен оқушылар ұйымдары жұмыс жасауына болады (жоғары сынып оқушыларының Кеңесі). Олар оқушылардың өзін-өзі басқару органдары туралы Ережеде көрсетілген өкілеттілікке сәйкес басқаруға қатынасады.
23.7 Басқару органдарының оқушылардың мүддесіне қатысты сұрақтарды талдау кезінде отырыстарына мектеп оқушылар ұйымының өкілін қатыстыра алады және оқушы ұйымдарына қажетті ақпараттар ұсына алады.
23.8 Қоғамдық ұйым ретінде мектепте сынып және мектептің жалпы ата-аналар комитеттері жұмыс жасайды. Сыныптардағы ата-аналар комитеті жиналыс шешіміне сәйкес сайланады. Сайланған мүшелерден төраға мен хатшы таңдап алынады.
23.9 Мектептің ата-аналар комитетінің құзыры:
а) кез-келген формада материалдық көмек қажет оқушыларға үміткерлерді талқылап, тізімін бекітеді;
б) мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы шешуші даусы бар мектеп Кеңесінің мүшесі болып саналады;
в) ата-аналар комитеті Ереже негізінде жұмыс жасай алады. Барлық ата-аналар комитеттері мектеп өмірінің мәселелерін талқылауға, ұсыныс ретінде шешім қабылдауға құқылы.
г) ата-аналар комитеттері өз отырыстарын мектептің іс-қағаздарында сақталатын хаттамалармен рәсімдейді.
23.10 Сол сияқты пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, ғылыми-әдістемелік кеңес, қорғаншылық кеңесі сияқты алқалық кеңестер құрылуы мүмкін, олардың жұмыстары ҚР Заңдарына сәйкес құрылымдық бөлімдер Ережесімен реттеледі. Барлық алқалық органдардың жұмысы мектептің Үлгі ережелеріне сәйкес реттеледі.


Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру тізімі
24. Мекеме төмендегідей білім беру бағдарламаларын ұйымдастырды:
- мектепке дейінгі білім деңгейі ( шағын-орталық (3жастан -5 жасқа дейин) мектеп алды кластары).
- бастауыш жалпы білім – нормативті мерзімі - 4 жыл (1-4 сыныптар);
- негізгі жалпы білім – нормативті оқыту мерзімі - 5 жыл (5-9 сыныптар);
- жалпы орта білім – нормативті оқыту мерзімі – 2 жыл (10-11 сыныптар).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет