-мектепте қабылдаған ішкі тәртіп Ережелері мен Жарғыны сақтау, мектеп әкімшілігінің жалпы жиналысының шешімін орындау;
- өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
- білім алушыларды жоғары адамгершілік рухында ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
- бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Педагог өз міндеттері мен этика нормаларын бұзғаны үшін ҚР заңдары мен еңбек келісім-шарттары бойынша жауапқа тартылады.
97.Педагог қызметкерлер:
- кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
- ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
- жеке педагогтік қызметке;
- тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
- білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
- ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
- санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
-педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;
- өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
- әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
-ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.
98.Мектептегі педагогтар арасынан директор класс жетекшілерін тағайындайды.
99.Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
1) сынып активін қалыптастыру;
2) әр білім алушының тұлғасын дамыту, өзін-өзі таныту, оның әлеуеттік қабілеттерін ашу және қайталанбастығын сақтау үшін қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
3) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
4) сыныпта білім алушылармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
5) тұлғаның шығармашылық, рухани, табиғи мүмкіндіктерін дамыту;
6) салауатты өмір салтына ынталандыру;
7) оқушыларда адамгершілік-өнегелік және рухани қасиеттерді қалыптастыру, толеранттылыққа баулу;
8) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
9) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
10) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
11) оқушылардың бойында ұжымдық пен басқаларға жауапкершілік, және сезімдік, достық тұрғысынан топта жұмыс істеуде қабілеттілігін қалыптастыру;
12) балаларға арналған қауіпсіз ортаны қалыптастыру.
100.Мектеп қызметкерлеріне еңбек келісім-шарт бойынша өздерінің функционалдық міндеттері мен жұмысын атқарғаны үшін еңбекақы төленуіне кепілдік беріледі.
101.Мектеп қызметкерлерініңеңбек келісім-шартында қарастырылмаған басқа жұмыстар мен міндеттерді атқарғандары үшін қосымша келісім бойынша ақы төленеді. Педагогтерге қосымша міндеттер тек директордың бұйрығымен жүктелуі мүмкін.
102.Мектептің жеке меншігіне зиян келтіргені үшін еңбек ұжымының мүшелеріне заңда көзделген тәртіппен материалдық жауапкершілік жүктеледі.
103.Жарғы және ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларға еңбек ұжымының жиналысымен немесе директормен тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
104.Педагог қызметкердің мінез-құлық нормаларын немесе осы Жарғыны бұзғаны үшін тәртіптік тергеулер тек олардың атына түскен жазбаша түрдегі арыз негізінде жүргізіледі. Арыздың көшірмесінің біреуі педагог қызметкерге берілуі тиіс.
105.ҚР-ның Заңнамаларында көзделген тәртіп бойынша мектеп жауапкершілікте болады, егер:
- мектеп құзырына кіретін істер атқарылмаса;
- оқу жоспары және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде жүзеге асырмаса;
- өз бітіруші түлектерінің білімі сапасы үшін;
- мектеп жұмысшылары мен оқушыларының оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы үшін;
- мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтары бұзылса;
- мемлекеттік мүлікті тиімді қолданбаса және сақтамаса.