«Темір аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «С. Байшев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы


Мекеме мен оқушылардың, олардың ата-аналарыныңқатынастарын реттеу мен рәсімдеу



бет8/11
Дата15.03.2023
өлшемі69,18 Kb.
#74616
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Мекеме мен оқушылардың, олардың ата-аналарыныңқатынастарын реттеу мен рәсімдеу
69. Мекеменің жұмысы жергілікті актілердің келесі түрлерімен реттеледі:
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтары;
- Білім беру басқармасы органдарының бұйрықтары;
- Мектеп директорының бұйрықтары мен жарлықтары;
- Ішкі тәртіп ережелері.
Білім беру үрдісі қатысушылары, олар оқушылар, мектептің педагогикалық қызметкерлері, оқушылардың ата-аналары (немесе өзге де заңды өкілдері) болып табылады.
70.Жаңадан келген әрбір балаға жеке іс-қағазы толтырылып, ол аталмыш мектепте оқушының білім алуының барлық мерзімінде толықтырылып отырады және сақталады. Басқа мектептен ауысып келген оқушылар жеке арыз, жеке іс-құжат, дәрігерлік анықтама және басқа білім беру мекемесінен келгендігі туралы құжат негізінде қабылданады.
71.Мектеп оқушыларына ұлты, жынысы, тілі, жасы, денсаулық жағдайы, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, мекенжайы, дінге қатынасына және нанымына тәуелсіз білім алуына кепілдік беріледі.
72.Мектеп оқушыларына мемлекеттік білім беру стандарты шеңберінде жалпы білімді тегін алуына кепілдік беріледі.
73. Мектеп оқушыларының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға, қосымша білім беру қызметтерін алуға, өзін-өзі басқару кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдар арқылы оқушылар ұжымын басқару істеріне қатысуға, ар-ождан бостандығына, адамгершілік абыройының құрметтелуіне, ақпараттар бостандығына, жеке адам мүддесіне қол сұқпаушылыққа, өзінің пікірін және білімді әділ бағалау сеніміне құқығы бар.
74. Оқушыларды қоғамдық-саяси ұйымдарға, қозғалыстарға мәжбүрлеп кіргізуге, сонымен қатар оларды осы ұйымдардың жұмысына мәжбүрлеп тартуға және үгіттеу компаниялары және саяси ағымдарға мәжбүрлеп қатыстыруға жол берілмейді.
75. Мектеп оқушыларының білім беру бағдарламасын тиісінше жүзеге асыратын басқа білім беру мекемесіне білім беру мекемесінің келісімімен және аттестаттаудан сәтті өтсе ауысуына құқығы бар.
76. Мектептегі оқу-тәрбие процесі оқушылардың денсаулық жағдайын есепке ала отырып жүзеге асырылады. Мектепте сырқаттанудың алдын алу, денсаулықты нығайту, денесін жетілдіру, тәрбиеленушілерді салауатты өмір салтына тәрбиелеуде қажетті шараларды орындау қамтамасыз етіледі.
77. Мектеп оқушылары білім беру бағдарламаларын өз еркімен мемлекеттік стандарт шеңберінде және одан жоғары көлемде меңгеруге, мектептің өміріне және қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді қатысуға, мектептің ішкі тәртібінің ережесін және Жарғысын орындауға міндетті.
78. Жоғарыда баяндалған құқықтарды жүзеге асыру қоғамдық тәртіпті бұзушылық, ізгілік нормалары және денсаулықты қорғаудың басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтары нормаларын бұзумен үйлеспейді.
79. Мектеп оқушыларының міндеттері:

  • ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

  • педагогтардың негізделген талаптарына бағыну;

  • класта және жұмыс орнында тазалық сақтау, мектептің мүлкін ұқыпты ұстау;

  • кішкентайларға қамқорлық жасау;

  • салауатты өмір салтын жүргізу, мәдени деңгейін көтеру, қоғамға жат әрекеттердің көрініс алуына шыдамсыздықпен қарау;

  • денсаулығын нығайту, дене тәрбиесімен айналысу, өзін белсенді ғылыми жұмысқа дайындау;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілер педагог қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетін, өздері білім алатын оқу орнының дәстүрлерін құрметтеуге міндетті.

  • мектеп формасын кию, спорттық киімдер мен екінші аяқ киімі болуға тиіс.

  • мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.

  • «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығын басшылыққа алу.

  • білім алушылардың міндеттерін бұзғаны үшін оларға ішкі тәртібінің ережелерімен көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.

80.Оқушыларға тыйым салынады:

  • Мектепке қару, спирттік ішімдіктер, темекі өнімдерін, токсикологиялық және наркотикалық заттарды әкелуге, басқа біреуге беруге, қолдануға;

  • Жарылысқа және өртке әкеліп соқтыратын кез - келген заттарды қолдануға;

  • Қарым-қатынасты шешу үшін, қорқытуға, күш қолдануға;

  • Итеру, бір нәрсені лақтыру, қорқыту арқылы талап ету, зорлық жасау сияқты айналадағыларға қауіпті кез келген әрекеттер істеуге.

81.Мектептің оқушылар ұжымының жұмысы мектептің Кеңесімен ұйымдастырылады. Оқушылар кеңесінің жұмысы оқудың сапасын көтеруге, тәрбие жұмыстарын арттыруға, оқушыларға қатысты қаржы мәселелерін шешуге, мектептің материалдық-техникалық базасының сапалылығына, қоғамдық пайдалы еңбекке, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған.
82.Мектеп оқушылары кеңесінің шешімі егер ол қазақстанның білім беру саласындағы заңдылықтарына және осы Жарғыға қайшы келмеген жағдайда, барлық оқушыларға орындауға міндетті сипаттағы шешім болып табылады.
83.Мектеп оқушылары өзіне-өзі қызмет көрсетуге және қоғамдық пайдалы еңбек түрлеріне жасы, жынысы, дене мүмкіндіктеріне қарай денсаулықтарын қорғау және тазалық талаптары мен нормаларын ескере отырып тартылады. Еңбектің санитарлы-гигиеналық нормалары мен қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау мектеп әкімшілігіне, медициналық қызметкерге, мұғалімдерге, класс жетекшілері мен мектеп кеңесіне жүктеледі.
84.Оқушыларды қоғамдық тапсырманы орындау, спорттық және басқа шараларға қатысу үшін сабақтан босатуға, мұғалімдердің және оқушылардың пікірлерін есепке ала отырып, мектеп әкімшілігінің рұқсатымен белгілі бір жағдайларда жол беріледі. Туристік саяхаттар және экскурсиялар директордың бекіткен мерзімі ішінде педагогикалық қызметкерлердің басшылығымен өтеді.
85.Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жасы 14-ке жеткен жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін олардың денсаулығына және сабақ уақытынан тыс тәрбие ісіне кедергі келтірмейтін жұмысқа қабылдауға және еңбекке баулуға, олардың ата-аналарының біреуінің немесе оларды алмастырушылардың келісімімен жұмысқа алуға және еңбекке тартуға жол беріледі.
86.18 жасқа толмаған оқушылар үшін демалыс уақытындағы жұмыс кезінде жұмыс уақытын қысқарту белгіленеді:
16-дан 18 жасқа дейінгілер – аптасына 36 сағаттан артық емес;
14-тен 16 жасқа дейінгілер – аптасына 24 сағаттан артық емес.
87.Жұмыс жасайтын оқушылардың оқу жылы барысындағы сабақтан бос кездегі жұмыс уақытының ұзақтығы жастарына сәйкес нормадан аспауы қажет.
88.Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) құқылы:
- баланың мүдделерін және заңды құқығын қорғауға;
- оқу түрін таңдауға;
- басқару жұмыстарына ата-аналар комитеті арқылы қатысуға;
-оқушының үлгерім бағасымен және тәртібімен, сондай-ақ білім беру жүйесінің мазмұнымен және барысымен танысуға;
- білім беру істерін реттейтін мекеме Жарғысымен және басқа да құжаттармен танысуға;
- оқушылардың білім алуындағы қиындық келтірген, қиындық туғызған мәселелер туралы кеңестер алуға.
89.Ата-аналар (оларды алмастырушы тұлғалар) міндетті:
- өз баласын тәрбиелеуге және оқытуға, дені сау болуына және өмір қауіпсіздігіне жағдай жасауға;
- олардың ой-өрісінің және дене тұлғасының дамуын, адамгершілік қасиетінің қалыптасуын қамтамасыз етуге;
- мектепалды даярлық тобында болуын қамтамасыз етуге;
- баласының мектептегі сабақтарға толық қатысуын қамтамасыз етуге;
- оқушылардың академиялық бережақтарын жоюын қамтамасыз етуге;
- мектеппен бірлесе отырып жұмыс істеуге және ата-аналар жиналыстарына қатысуға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет