18. Мектептің Құрылтайшысы келесі функцияларды іске асырады:
1) Мектепті құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;
2) Мектептің Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
19. Мектептің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) мектеп атына мүлікті бекітеді;
2) мектеп мүлігінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
19.1. Мектепті жалпы басқаруды тиісті саланың Уәкілетті органы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Мектептің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) Мектеп басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін,
оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
4) Мектептің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
5) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
20. Мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген жағдайларды қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. Мекеменің басшысы мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды, тиісті саланың уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік Мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
22. Мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
23. Мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
3) келісім-шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) тиісті саланың уәкілетті орган тағайындайтын қызметкерлерден басқа, мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мекеменің басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алады және олардың орта білім алуына дейін оқытылуын ұйымдастырады;
12) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қамқорлығын және қорғаншылығын ұйымдастырады, оларды балалар үйлеріне немесе интернаттық мекемелерге орналастырады;
13) өз құзыретіне сай оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігіне мерзім сайын бақылауды ұйымдастырып, өткізіп отырады;
14) мектептің оқу жоспарлары бекітеді, өз құзыретіне сай мектептің аттестациясын өткізеді;
15) әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлап, ұйымдастырады;
16) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Жарғымен және тиісті саланың уәкілетті органымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
23.1 Мекеменің құрылымы педагогикалық кеңеспен жасалады және Құрылтайшымен келісім бойынша мектеп директорына бекітуге ұсынылады.
Басқару Білім беру туралы Заңға, мектеп Жарғысы мен мектеп туралы Ережеге сәйкес адами құндылықтардың басымдық, жариялылық, демократиялық принциптерімен адам өмірін, денсаулығын қорғау және жеке тұлғаны дамыту бағытында жүзеге асырылады.
Еңбек ұжымын мектептің барлық қызметкерлері құрайды. Еңбек ұжымының өкілеттілігі оның мүшелерінің жалпы жиналысында жүзеге асырылады. Жиналысқа мектеп қызметкелерінің үштен екі бөлігі қатынасқан жағдайда ол заңды болып есептелінеді.
23.2 Мектепті жалпы басқару 9 адамнан тұратын сайлаушы орган - мектеп Кеңесімен жүзеге асырылады. Оның 5 мүшесі – педагогикалық ұжымнан, 3 мүшесі – ата-аналардан, 1 мүшесі – 9-11 класс оқушыларынан болады.
Мектеп Кеңесіне мүшелікке мектеп қызметкерлерінің жалпы жиналысында (педагогикалық кеңесте) таңдалынады (саны шектеусіз, бірақ он екі адамнан кем болмауы тиіс).
Ата-аналардан үміткерлер жалпы мектептің ата-аналар жиналысында немесе сыныптың ата-аналар жиналысында сайланады (саны ерікті, бірақ 6 адамнан кем болмауы тиіс).
Оқушылардан үміткерлер 9(10)-11(12) сынып оқушыларының жалпы жиналысында немесе сынып жиналыстарында анықталады (саны ерікті, төртеуден кем болмауы тиіс).
23.3 Мектеп Кеңесінің өкілеттілігі:
а) Мектептің даму Тұжырымдамасын бекіту жөніндегі ұсыныстарды енгізеді.
б) Мектептің жергілікті актілерін бекітеді:
оқушыларға арналған талаптар,
құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер,
в) директор немесе құрылтайшы құзыретіне қатысты емес мектеп өміріндегі басқа да маңызды сұрақтарды шешуге қатынасады.
Мектеп Кеңесінің отырысы төрағасының немесе Кеңес мүшелерінің жартысының талабы бойынша қажет жағдайда, жарты жылдықта бір рет (кем болмауы тиіс) шақырылады. Кеңес шешімі ашық дауысқа салумен қабылданады. Мектеп Кеңесінің шешімі отырысқа мүшелердің үштен екі бөлігін қатынасқан кезде ғана заңды болып есептеліп, кеңестің тізімдегі мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда шешім қабылданады.
Мектеп Кеңесінің өкілеттілігі бойынша қабылданған шешімдер мектеп ұжымының барлық мүшелеріне және әкімшілікке міндетті болып саналады. Мектеп Кеңесінің отырыстарында хаттамалар жүргізіледі, Кеңес төрағасы мен хатшысының қолдары қойылып, мектеп іс-қағаздарында сақталады.
20) Күрделі педагогикалық және әдістемелік мәселелерді, оқу-тәрбие процесін зерттеуді ұйымдастыру және озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және зерттеу мақсатында мектепте педагогикалық кеңес жұмыс жасайды.
Мектеп ұжымының жалпы жиналысы (педкеңес) мына жағдайларға құқылы:
а) Жарғыны жасайды және талдайды;
б) мектеп кеңесінің сайлаулары бойынша екі жылда бір рет конференцияға делегаттар сайлауға;
в) Мектептің «Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін» талқылап, бекітуге.
Мектептің барлық педагогикалық қызметкерлері және қосымша қызметтегі мұғалімдер педагогикалық кеңестің мүшелері болып табылады. Директор педагогикалық кеңестің төрағасы болып табылады. Ол педагогикалық кеңестің хатшысын бір жылға өз бұйрығымен тағайындайды.
23.5Педагогикалық кеңестің құзыры:
а) педагогикалық кеңес жөніндегі ережеге сәйкес қызметін жүргізеді;
б) ұсыныстар мен сыни ескертпелердің орындалуына бақылау жасайды;
в) мектептің ішкі тәртібі ережелерін белгілейді;
г) оқушыларды қорытынды, аралық аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді;
д) әр тоқсанда бір рет өткізіліп, хаттамамен рәсімделінеді.