ТемірланЖорабай Ұлылар мекенінде (Семей сапарының силуэттері) І. Алматыдан аттану


ХІІ. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер



бет12/14
Дата06.01.2022
өлшемі33,78 Kb.
#13282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ұлылар мекенінде

ХІІ. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер
Қайтар жолда аңыз болған Еңлік пен Кебектің қуғыншылардан қашып жүріп паналаған тас үңгіріне бардық. Жота-жота таулардың арасында басқаларынан биіктеу жартасты бір төбеде екен. Қайран бабалар. Махаббаттың мәңгілік маздаған отын сөндірмеу үшін ықтасынды паналаған екен ғой. Осы жерде Абайдың өзі де айтқан «Көп жасамай, көк орған, Жарасы үлкен жас өлімнен» кейін бір төбеде шырылдап жылап қалатын сәби де дүниеге келеді емес пе. Тас үңгірдің төбесіне шықсаң сұлу адырлар мен кең алқап алақандағыдай анық көрінеді. Ұясына батып бара жатқан күннің жалқын сәулесі төбелер мен қыраттарды мың түрлі түске бояп, шұрайлы жазықтықты одан сайын шырайландыра түскендей. Айдалада түнге қалуды қаламады ма, әуйтеуір жүргізушіміз бол-болдың астына алып, мазасы қашқан соң көз тоймайтын сұлу табиғаттың әсем көрінісімен амалсыз қоштасуға тура келді.

Қас қарайып қалғанда қос ғашықтың зиратына келіп жеттік. Бейіт басында адам бойынан екі-үш есе биіктетіп соғылған тас мүсін тұр. Тентек бабаларымыздың әруағына арнап бір дұғалық жасап, ол жерде де ұзақ кідірмей жолға шықтық. Қош аман бол, махаббаттың мекені. Қош аман бол, «ғашықтар бір-бірін өпкен жер»...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет