ТемірланЖорабай Ұлылар мекенінде (Семей сапарының силуэттері) І. Алматыдан аттану



бет11/14
Дата06.01.2022
өлшемі33,78 Kb.
#13282
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ХІ. Ұлы жазықтық ұлағаты
Мынадай көкжиекті Алла тағала кез келгенге бұйыртпаған. Недеген шексіздік! Недеген тыныштық... Көзіңді бір тіктесең болды, мәңігілікке меңгіріп қалардайсың. Аспан мен жердің арасы тұтасып кеткен. Екеуі бір сурет. Алыстағы шыңғыстың ұсақ-ұсақ шоқылары толқып жатқан толқындардай. Абай шексіз әлемнен шексіз мекенге келіп, шексіз қиялдың айдынынан қалқып өтіп, тағы да бір шексіз әлемге аттанған екен ғой. Оның сөзінің шексіз жұмбақ сыры да осында. Осындай ұлы өлкеде Абай тумағанда кім тумақ, Шәкәрім тумағанда кім тумақ. Бұл тағдырдың қазаққа тартқан сыйы ғой. Жаратқан Қазақтың маңдайына Абайдай ақылманды нәсіп ету үшін әуелі сол Абайдың қиялына қанат бітірер осындай кермиық даланы жаратыпты. Сол шетсіз-шексіз даланы кезіп жүріп-ақ кемеңгер атанған Абайдың артынан тағы да бір Абайдың туарызаңды құбылыс секілді. Бірақ ол Абай әлі туған жоқ. Жаратқан оны келешек ұрпақтың, келешек заманның еншісіне сақтап отырғандай.

Біз қайтуға жиналып жатқанымызда бір қоюланып, бір сұйылып, күннің жүзін тұмшалап жатқан қалың бұлттардың арасынан ерекше шуақ сәуле шашырады. Құдды бір «сексен қанат» ақ орданың нұрдан жасалған алып уықтары секілді. Жамырап тұр... Бұл қасиетті өлкенің қонақтарға тарту еткен сыйы деп ұқтық.

Автобусқа мінгесін біраз уақыт көкжиектен көз ала алмадық. Бұл мекенге екінші рет аяқ басуды Тәңіріміз бұйырар ма екен? Көлік ішіндегі абыр-дабырға еліккен бірлі-жарымы болмаса, әрбір сәтті есте мәңгі сақтап қалғысы келген саяхатшылардың әрқайсысы өз ойымен әлек. Ал ендеше, қош бол, Жидебай! Қош бол, ұлылардың мекені.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет