Теориялық және қолданбалы механика


Жүйе үшін Даламбер принципі



бет19/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
7.6 Жүйе үшін Даламбер принципі
МЖ-нің нүктелеріне түсетін инерция күштерін бас векторы мен бас моментіне келтіруге болады (O нүктесі – қозғалмайтын келтіру центрі). Сонда қозғалыстағы жүйені, оған әсер ететін күштерге мен қосып, тыныштықтағы жүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйенің кез келген қозғалысында екенін дәлелдеуге болады. Егер АҚД оның Oxy материялық симметриялығы жазықтығында жазық параллель қозғалысын жасайтын болса, онда оның инерция күштерін С қозғалатын массалар центріне келтіруге болады. Сонда Cz өсі – дененің бас инерция өсі болады. Сол өске қатысты инерция моментін арқылы және бұрыштық үдеуін ε арқылы белгілеп, болатынын дәлелдеуге болады.
7.7 Айналмалы қозғалыстағы дене динамикасының негізгі теңдеуі
Қозғалмайтын өске қатысты айналу қозғалысын жасайтын дене үшін кеселіні аламыз (7.33)
мұндағы Iz – дененің айналу өсіне қатысты инерция моменті;
ε – дененің бұрыштық үдеуі;
Mz – сыртқы күштердің өске қатысты моменттерінің қосындысы.

8 дәріс. Материалдар кедергісіне кіріспе. Материалдар кедергісінің есептері мен әдістері
Дәрістің мазмұны: материалдар кедергісінің есептері, есептеу сұлбасы, болжамдар; ішкі күштер факторлары, қималар әдісі; кернеулер, орын ауыстырулар, деформациялар мен есептеу әдістері жөнінде түсініктеме.
Дәрістің мақсаты: материалдар кедергісінің әдістерімен шешілетін есептер жиынын анықтау, негізгі үғымдарды игеру.
8.1 Материалдар кедергісінің мәселелері. Есептеу сұлбасы
Құрылыстар, машиналар, аппараттар мен аспаптар берік және қатаң болу керек. Беріктік - қатты денелердің күштер әсерін қирамай қабылдау қабілеті. Қатаңдық - қатты денелердің күштер әсерін өз өлшемдері мен формасын айтарлықтай өзгертпей (көп деформацияланбай) қабылдау қабілеті. Конструкция элементтері берік және қатаң болуы үшін олар лайықты материалдан жасалу керек және олардың керекті өлшемдері болу керек. Материалдар кедергісі (МК) – конструкция элементтерінің беріктігі мен қатаңдығы туралы ғылым. МК-сінде денелердің деформациялану қасиеті ең маңызды болады. МК мақсаты – конструкциялардың типтік элементтерін есептеуге қарапайым әдістерді беру. МК-нде жарамды болжамдарға негізделген жуық әдістер қолданылады.
Есептер шешуі есептеу моделін, яғни есептеу сұлбасын (ЕС) тандаудан басталады. ЕС – бұл объектінің айтарлықтай емес факторларынан босатылған сипаттамасы. Бір объект үшін қажетті нақтылыққа және құбылыстың қарастырылатын жағына тәуелді бірнеше ЕС-ны қолдануға болады. Екінші жақтан, бір ЕС-ға бірнеше объектілер келтірілуі мүмкін.
ЕС-ны тандау материалдар қасиеттерін модельдеуден басталады. Барлық материалдар біртекті тұтас орта ретінде қарастырылады.Тұтас ортаны серпімділік қасиеттке ие болғызады. Серпімділік - денелердің өлшемдері мен формасын өзгерткен сыртқы күштерді алып тастағанда, олардың бастапқы өлшемдері мен формасына қайта келу қабілеті. Есептердің көпшілігінде орта абсолют серпімді болып алынады. Әдетте МК-нде тұтас орта изотропты болып қарастырылады.
Объектінің геометриясы да қарапайымдалады, МК-нде ол сырық немесе қабықша сұлбасына келтіріледі. Сырық деп бір өлшемі (ұзындығы) басқа екі өлшемінен әлдеқайда үлкен денені атайды. (8.1 суретті қара).
Күштер жүйесі де қарапайымдалады. Мысалы, қадалған күш ұғымы енгізіледі. МК-нде күштер сыртқы және ішкі болып ажыратылады. Егер конструкция басқа денелерден бөлек қарастырылатын болса, соңғылардың конструкцияға әсері сыртқы күштерге жататын күштермен ауыстырылады. Сыртқы күштердің қатарына тек берілген (актив) күштер ғана емес, оларға қосылып, теңгерілетін күштер жүйесін құрайтын байланыстардың реакциялары да кіреді. Теңгерілетін (актив және реактив күштерден тұратын) күштер жүйесін жүктеме деп атайды. Сыртқы күштердің шамасы және олардың таралу түрі объект пен айналасындағы денелердің шекарасы қайда өтетіне тәуелді. Күштер келесіге айырылады: статикалық, динамикалық, қайталымды-айналымды.
Объект бөліктерінің өзара әрекеттесуін сипаттайтын күштер ішкі күштерге жатады. Ішкі күштер тек қана объект бөліктерінің арасында емес, оның барлық іргелес бөлшектерінің арасында да объектінің жүктелуі кезінде пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет