Пайдаланылған əдебитеттер:
1. Мифы народов мира.
В двух томах. Том 1-2. – М.: Олимп, 1998.
2. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. В 5-ти томах. Том 1. – Алма-Ата, 1961.
3. Каскабасов С.А. Казахская несказочная проза. – Алма-Ата: Наука, 1990.
4. Нарынбаева Н.О. Миф. Оозеки кара сөздүн көөнө уңгулары. – Бишкек, 2011.
95
Ж.Т. Қадыров,
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік универститетіндегі қазақ
филологиясы кафедрасының меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты, профессор;
С.Н. Шəукерова,
гуманитарлық ғылымдардың магистрі
С.Шəймерденовтің «Өмір нұры» повесінде кейіпкерлер бейнесінің берілу жолдары
C. Шаймерденов алғашқы кесек шығармасымен-ақ оқушы қауымының ыстық
ықыласына бөленді. Күн озған сайын ол өзінің шеберлігін шыңдай түсті. Прозаның сан-
саласына үңіліп, алуан-алуан түрлі əңгімелер, повестер, драмалық шығармалар жазды.
Сафуан қай салада қалам тартса да, шығармасының негізгі арқауы етіп бүгінгі күн
тақырыбын таңдап алды. Оның кейіпкерлері өзімізбен қоян-қолтық араласып жүрген
қарапайым еңбек адамдары.
Оқырманды Сафуан шығармаларының шыншылдығы ерекше сүйсіндіреді. Жалпы
алғанда, Сафуан шығармаларында адамды ізгілікке, парасаттылыққа, инабаттылыққа
шақыратын үн басым. Мынау келте ғұмырда бір-біріңді талапайға салмай, табысып,
сыйласып жүргенге не жетеді – деген алтын арқау бар. Бұл жағынан жазушының қай
шығармасы болмасын өнеге мен ғибраттың мектебі іспетті.
Əдебиеттің – схематизм екені белгілі. Ол дегеніңіз – қолдан оқиға құрып, белгілі бір
схемамен жазуға отыру. Анау бас кейіпкері , мынау қосалқы тұлға... көбіне-көп тартысты
өрбіту арқылы, кейіпкердің характерін ашуға ұмтылыс... алайда жазушының қабілеті аса
жоғары болмаса, оқиғаларды идеяға табыстырып барып жазса, осы жасандылық
жалғандыққа ұрындырары сөзсіз. Бұдан сақтанудың жалғыз жолы тақырып таңдай білуі,
таңдағанда толғап, терең біліп бару. Табиғи жазу, қисынсыз нəрседен қашық болу – осы
кеселдің жолын бөгейтін дəру. Бұл Сафуанда бар. Қазақ əдебиетіне айдарынан жел есіп
келген жазушы С. Шаймерденовтің есімі қаламы қуатты сөз зергері ретінде
мақтанышымызға айналып отыр. Əдебиет майданына “ə” деп араласа бастағанынан-ақ өз
шығармасының тақырыбын адамды зерттеп, тануға, оның сан қилы мінез-құлқын, толғаныс-
тебіренісін, адамдық қасиетін қоғамдық орта мен жеке адамның өзара байланысын, қарым-
қатынасын көрсетуге құлаш ұрған-ды. Жазушының бұл талпынысы бір шығармасының
екінші шығармасына ауысқан сайын айқындалып, айшықталып, өзге асыл тастардың
арасындағы лағылдай көз тартып, жəудіреп, жарқырап тұратын болды.
Жазушы повестеріндегі адамгершілік мəселесі патриоттық, ұлттық сезімдермен
диалектикалық бірлікте қарастырылып, қаламгер шығармаларындағы қаһарманның
адамгершілік əлеміне жалпы адамзаттық құндылықтар биігінде философиялық пайымдаулар
жасалды. Адамгершілік арды, азаматтық парызды серік еткен жəне оның шығармаларының
басты тақырыбына айналдырған С. Шаймерденов алғашқы туындыларынан-ақ адамның жан-
дүниесіндегі өзі əлі ұғынып, түсініп болмаған екі түрлі (шартты түрде айтар болсақ,
жақсылы-жаманды) қасиет-сапалардың тамыр-төркінін ашып көрсетудегі шеберлігін таныта
алды. Жазушы қай шығармасында болмасын кейіпкерлерінің рухани эволюциясына, яғни
адамгершілік əлеміне назар аударды.
Адам мінезін, оның ішкі құпияларын, өмірге, қоршаған ортаға көзқарасын, сезім
дүниесін ашуда жазушы С. Шаймерденов «Адам жанының нақ инженері» іспетті. Оның
адамгершілік, ар-ұят деген ұлы ұғымының төңірегінде ұстамды ой қозғап, ұстартқан тіл мен
толғауы шығарманың бедерін айшықтап, өресін биіктетіп тұр.
С. Шаймерденовтің «Өмір нұры» повесінде кейіпкерлерінің рухани өсуі мен кері кетуі
суреттеледі. Повестің драмалық шиеленісіне, ойы мен эстетикалық сазына ден қойсақ,
бақытты өміріміздің қадіріне жетпей «тойып секіруге», «семіздіктің сергелдеңіне» көбірек
түскен адамдар жайында баяндайды. Автор адам жанының қатпар сырларына барлау жасап,
терең психологиялық талдауларға барады. Кейбіреудің тойымсыз құлқыны ұшырататын
96
бақытсыздық сырын баяндай отырып, күлкі шұғыласымен бедерлеп, былайшы сырты түзу
азаматтардың дүниеқорлықтың құлақкесті құлына айналу себебіне сендіреді жəне адасқан
адамның бойында адамшылық сəулесі жоғалмаса, ол келе келе беті бері қарайтынына
мегзейтін шешім ұсынады.
Жазушы қаһармандарын осы тұрғыда, іштей тартысқа түсіреді. Жарасымды жұбайлық
өмірдегі Шəмшігүл мен Жантуар бір-бірімен жарасымдылық шынайылықты көрсете ала ма?
– деген сауал өзінен-өзі туындайды. Шəмшігүл оқыған, мəдениетті, болашақты тəрбиелеуге
өз үлесін қосқанымен, оның ішкі мінез-құлқында қаншама астарлы қатпар жатқанын
аңғаруға болады.
Бас пайдасын ғана ойлап, халқымыздың ұрпағын көбейтуге ат салысуды ойламай, тек
қана байлыққұмар, дүниеқоңыздыққа салынған Шəмшігүл мен Жантуар отбасындағы
тартыс, адамгершілік құлдырауға əкеледі.
...Шəмшігүл қытымырланып, үйіне келген қонақтарына артыңызда пианино бар,
орындығыңызды столға таман жылжытсаңыз, артыңыздағы диванға тиіп отырсыз – деген
орынсыз ескертпелермен қонақтарын мазалайтын болды. Бұдан Шəмшігүлдің адамгершілікті
ұмытып, тек дүние-мүлік үшін ғана өмір сүретіндігін, ары дүние-мүліктің садағасына
айналғанын көреміз [1, 86-б.]
«Өзімшіл кісі кең болмайды, кең болса, қаскүнем болады», – депті Ж.Аймауытов. Осы
азап отына белшесінен батқан Шəмшігүл «буынсыз жерге пышақ ұрып» біреудің жүрегін
жаралағанына ойланбайды.
Шəмшігүл өзінің ойсыз істері арқылы Жантуар екеуінің арасында тартыстың
шиеленісіп, іс насырға соғатынын ойламады. Жантуар бұрын-соңды болып көрмеген оғаш
мінез көрсетіп, жетім балалар үйінде көрген Болатты іздеп барып, алып қайтты да, он екі
жыл тұрған үйшігіне қайта баруға əзірмін. Тек қасымда Болатым болса, жетті – деп ой
түйеді. Əкелі-балалы ғазиз жандарды өмір нұры аялағандай, жарық нұр болашаққа жөн
сілтеп, жаңа бір белеске көтергендей, ізгілік оты сезілгендей əсер аласың. Жамандық
əрекетті жақсылық жеңіп, Шəмшігүл мен Жантуар арасындағы тартыс өз шешімін тапты.
Жазушы осы повесі арқылы адам бойында күншілдік, іштарлық, пайдакүнемдік,
дүниеқоңыздықтан алшақ болуға жол көрсетіп, адамгершіліктің биік сатысы тұрғысынан
төмендемеу керектігін ұғындырады.
Сафуан Шаймерденов адам өмірінің күрделі сезімге, ойға бай шындығы, оның биік
адамгершілік тұрғысы сақталған ба? Осы мəселеге назар аударады. Əрқилы өмір
қақтығысына, тартыста адамның адамдық бейнесін сақтап қала білген күрескерлік мінезі мен
адамгершілік принципін басты нысан еткенін Жантуар бейнесінен көруге болады. Адам
мұратын сыршылдықпен сезім иірімдерін суреттеу арқылы өте тамаша бейнелеген. Оның
бұл еңбегі адам туралы толғаныс, адам жайындағы тебіреніс деп ұғуға болады.
Сафуан Шаймерденов əртүрлі шым-шытырық оқиғаларды өрбітуден гөрі, характер
жасауға бейімдеу тұрады. Кез келген деталь-штрихтары оқиғаны дамытумен қатар, характер
ашу қызметін де атқарады. Əрине, шынайы жазушының қай- қайсысы болса да соған бейім.
Бірақ бұл кез келген жазушыға тəн қасиет емес. Осы күндері кейбір қалың романдардан ұзақ
сонар баяндаулар мен суреттеулерді көріп жалыға, есіней оқитын яки көз жүгірте беріп,
келесі беттерді аударып өтетін кездеріміз де жоқ емес. Мұның мəнісі жазушының оқиғаға
қатысы шамалы суреттермен əуестеніп немесе характер ашуға пайдасы жоқ жайттарды
тəпіштеп кететіндігінде. Кейде мұны көпсөзділік деп те атайды. Ал Сафуан қаламына
көпсөзділік жат, əрі басы артық детальдарға да орын болмайды. Ол əрқашан аз сөйлеуге,
ықшам, шымыр сөйлеуге ұмтылады.
Жазушы қиялының мол бояулы елегінен өтіп, көркемдік парасатты əлдеқашан
образдарының табиғатында өмір, тіршілік құбылыстарын адамдардың мінез-құлқындағы
күнгейлі, көлеңкелі тұстарымен, өзгеріс жаңалықтармен сабақтастыра өру тəсілі басым.
Өзіне тəн стильдік тұтастықты сақтай отырып, əр жаңа шығармасында тың биіктен, уақыт
талабынан бастау алар соны жолдардың торабынан көрінуге ұмтылады. Азаматтық болмыс,
суреткерлік тағлым жазушы шығармашылығының тұтастық сипатын аңғарта үлкен белгі.
97
Бүгінгі адамдар мінезінде кездесер жарқын қасиеттермен бірге, кейбір келеңсіз
əрекеттердің де қылаң беруін жазушы зердесі жазбай танып, суреткерлік түйсікпен сезініп,
көркемдік тезінен көзге көрсете өткізіп отырады.
Сафуан Шаймерденов повестерінің қай-қайсысында болмасын автордың ардақ
тұтатыны – адам, аспанға көтеретіні – адамгершілік. Оның өзі шын мəніндегі қалам иесінің
күллі қасиетінің синтезі секілді абзал гуманист екені даусыз.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Ордалиев С. Конфликт жəне характер. – Алматы, 1999. – 211 б.
2. Нұрғали Р. Əдебиет теориясы. – Астана, 2003. – 357 б.
3. Шаймерденов С. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1999. – 295 б.
Т. Əлбеков,
М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Қолжазба жəне текстология
ғылыми-иновация бөлімінің меңгерушісі,
филология ғылымдарының кандидаты
ЕЛ ҰЙЫТҚЫСЫ
(Албан Қожбанбет би туралы кейбір ой-толғамдар)
«Мəңгілік Ел» идеясының түп-төркіні сан ғасырларды араға салған ұрпақтар
жалғастығына əкеліп тірелетіндігі кім-кімге де түсінікті. Қазақ халқы мемлекет болып
қалыптасқан 550 жылдың көлемінде небір ауыртпалықты, нəубетті басынан кешіргенмен,
ұлт ретінде жойылып кете қоймады. Ең алдымен, оған басты негіз болған кемеңгер
бабаларымыздың ел тұтастығын, ру-тайпалар арасындағы ынтымақ-бірлікті сақтауды ту етіп,
осы дəстүрді ұрпақтан ұрпаққа өсиеттеуі, оны аманат ретінде əр буынның қалтықсыз
орындауы болса, екіншіден, əр ұрпақтың алтын көпіріне айналған ардақты аналардың
жанкештілігі себеп болды. Осынау дала заңдылықтарына байланысты əр ұрпақ ел
тəуелсіздігі үшін шейіт болған ерлердің, сан түрлі апаттардан көз жұмған азаматтардың ізін
басты, халық санын толықтырды. Сол арқылы қазақтың тілі, діні, мəдениеті мен əдебиеті,
салт-дəстүрі бүгінгі күнге жетті, енді, міне тəуелсіз ел атанып, əлем жұртшылығы мойындап
отыр.
Көшпелі өмір салтына байланысты қазақ халқының тарихы ауыз əдебиеті пен
шежірелер арқылы жеткені белгілі. Бұл ретте шежірелердің алатын орны айырықша. Ол əр
тайпаның, рудың, атаның түптегін анықтау үшін ғана емес, қазақ қоғамында əкімшілік
басқару жүйесіне аса қажет болғандықтан, хандар олардың жүйелі түрде жиналып, хатқа
түсуіне мүдделі болды. Себебі батырлар арқылы əскер жасақтауда, ру-тайпа басшылары мен
билер институтының негізінде мемлекеттік билікті жүргізуге, салық жинау, жер дауы, жесір
дауы, құн дауы мəселелерін шешуде шежіре білудің маңызы зор еді.
Бүгінгі күні Қазақстанның жаңа тарихын жазуда да, өткен тарихи тұлғаларды кейінгі
ұрпаққа қайта танытуда да халық əдебиеті мен шежірелер ерекше орын алады. Алайда, түрлі
кедергілерге байланысты рухани мұраның оннан бірі ғана хатқа түсіп, сақталып
қалғандығын ескерсек, өзегімізді өкініш жалыны өртегендей болады. Осы аздаған
жəдігерлер дені ХҮІІІ ғасырдың екінші бөлігінен бергі тарихи оқиғаларды, жекелеген
тұлғалардың ерлік, азаматтық іс-əрекеттерін бейнелейді. Ал ХҮ-ХҮІІ ғасырлар
аралығындағы Қазақ Ордасының тыныс-тіршілігін, мемлекет, қоғам қайраткерлерінің
қызметін айқындайтын тарихи аңыздар, əңгімелер, жырлар, өлең-толғаулар некен-саяқ.
Солардың бірі – Албан Сүйерқұлұлы Қожбанбет би туралы халық туындылары.
Қазақ халқының тарихында есімі қауымның, ру-тайпалардың, кішігірім аталардың
ұранына, атауына айналып кеткен тұлғалардың аса көп екендігін шежірелерден білеміз.
Ерлігімен жерін қорғамаған, көшбасшы болып ел басқармаған, қоғамда танылмаған
кезкелген адамның ру атауын иеленіп кете алмасы анық. Сондықтан осындай тұлғалардың
98
өмір деректерін, халық үшін атқарған қызметтерін айқындап, жаңа тарихтың бір бөлшегі
ретінде қарастыруымыз керек. Солардың сапында Албан Қожбанбет би де жан-жақты
зерттеліп, тарихтағы орны анықталуға тиіс.
Осыдан 300-350 бұрын өмір сүрген Қожбанбеттің ұрпақтары өсіп-өніп, əр кезеңдерде
ел көзіне түскен тұлғалы азаматтардың атымен 12 атаның маңайына топтасты. Қазан
төңкерісіне дейін Жаркент уезінің Бөдеті, Қожбанбет болыстарын толық қамтып, Верный
уезінің де кей болыстарына қоныстанып келді. Бүгінгі ұрпақтары Райымбек, Ұйғыр
аудандарынан өзге Қазақстанның түкпір-түкпірінде тіршілік кешіп, халыққа қызмет етіп
жүргендігі мəлім.
Ел тəуелсіздігін жарияласымен өзге қандастарымыз сияқты Қожбамбет ұрпақтары да
етек-жеңін жиып, өткенді елеп-екшемей жарқын болашақ болмайтынын түсінді.
Алғашқылардың қатарында Қазақстан мен Қытай аумағында тарыдай шашылып кеткен
ұрпақтардың басын қосып, туыстық сезімін оятты. Марқұм Жəлел Айдарханұлы сияқты
жанкешті азаматтар ел-елді аралап, Кеңес кезеңі деп аталатын бір дəуірде үзіліп қалған
шежірені жалғады. Соның арқасында Қожбанбет ұрпақтарының толықтырылған, жүйелі
шежіресі түзіліп, кейінгі жастардың «жеті атасын тануына» мүмкіндік туғызылды. Ал, енді
бүгінгі күні Қожбамбет руы тығыз қоныстанған Шалкөде аулында бабаның еңселі ескерткіші
тұрғызылып, ас беріліп, бəйгеге ат шаптырылды. Қазақтың «Орында бар – оңалар» деген
мəтелі де, албандар арасында «Қорғасындай ұйыған Қожбанбет» деп айтылатын нақыл сөз де
осындайда шығарылған болар.
Ұлы бабамызды ұлықтау, жастар арасында насихаттау жұмыстары осымен
шектелмеуге тиісті деп ойлаймыз. Ендігі жерде аудан, облыс орталықтарында оның есімінде
ауыл, көше, мектеп атауларын беру т.б. іс-шаралары жүргізілу қажет. Əсіресе, Алматы
қаласындағы бір мектептің, қала аумағына еніп жатқан көшелердің бірін Албан
Қожбанбеттің есімімен аталуына күш салу керек. Себебі Албандар əр кезеңдерде Алматы
маңайында қоныстанып, олардың рубасылары мемлекеттік, қоғамдық істерге араласып
отырған. Құрман, Əлмерек, кейінгі Əжібай, Райымбек т.б. бабалар қабірлерінің қала ішінде,
болмаса оны маңайлап жатуы – пікірімізге айғақты дəлел бола алады. Əр ру-тайпаның ішкі
шекаралық ауқымы зираттармен шектелетіндігі дала заңдылықтарына тəн қағида.
Аталған іс-шараларды орындауда қолбайлау болатын түйіні шешілмеген мəселер аз
емес. Оның көпшілігі Қожбанбет бидің жеке басына қатысты туындауы мүмкін. Бабаның
есімін ел есінде қалдыруға байланысты жұмыстарды бастау үшін оның өміріне, сол тұстағы
қоғамдық қызметіне қатысты жан-жақты зерттеулер жүргізу қажет. Бұл ретте сол кезеңдегі
Жетісу жұртының тыныс-тіршілігіне, өңірде өткен тарихи оқиғалар мен тұлғалардың өміріне
байланысты деректерді пайдаланып, салыстыра зерттеуде ең алдымен, Қожбанбеттің туған
жəне өлген жылдарын анықтау аса маңызды. Өкінішті жайт, кейінгі деректерге сүйенсек
бабамыз ағасы Шоған абыздан елу жылдан астам уақыт бұрын туғандын көруге болады. Бұл
ретте де шежірешілер, тарихшылар, ел ақсақалдары бас қосып, ақылдасып, демограф,
этнограф ғалымдардың əдістемелеріне сүйене отырып аталған тұлғалардың өмір сүрген
кезеңдерін анықтау көп қиындық туғызбаса керек.
Екіншіден, атқарылатын ауқымды жұмыстардың бірі – Қожбанбет бидің қабірін тауып,
басына ұрпақтары, жалпы жұршылық зиярат етерлік күмбез орнату. Бұл үшін ХҮІІ-ХІХ
ғасырларда Жетісу өңірін аралаған орыс жəне шетел жиһанкездерінің еңбектерін, түрлі
мақсаттағы экспедициялардың материалдарын іздестіріп, бабаның соңғы қонысын анықтаған
жөн. Осынау сауапты да жауапты іс-шараларды атқаруды мақсатты түрде ізденістер
жүргізуге лайық Қожбанбет ұрпақтарынан шыққан ғалымдарды жұмылдырса құба-құп болар
еді. Себебі олар зерттеу барысында біріншіден, ұрпағы ретіндегі парызын өтеуге талпынса,
екіншіден, ел адамдарымен қарым-қатынас жасауға, табылған деректерді бағалай білетін
шынайы жанашырлар да солар болары анық.
Бұл ретте бір ғана Қожбанбет ұрпақтары ғана емес, əр қазақ түптөрікінін танып, өз
руының, содан шыққан жекелген тұлғалар тарихының қайта жандануына септігін тигізсе,
онда сан ғасырлар бойы ұлан-байтақ жерімізді сақтап қалған ата-бабалар алдындағы
99
парызымыздың бір парасы орындалар еді. Сонда ғана кейінгі үш ғасырдың аясында
отаршылдықтың салдарынан үзіліп қалған ұлттық тарихымыз бен рухани мұраларымыз
халықпен қайта қауышады, яғни, қалың жұртшылыққа беймəлім дереккөздері ғылыми
айналымға түседі. Сөйтіп, халық жадының қайта оралуына, ұлттық сананың бекуі мен
қоғамдағы ізгі дəстүрдің қалыптасуына көмектеседі деген үміттеміз.
П.Т. Əуесбаева,
М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Қолжазба жəне текстология
ғылыми-инновация бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, филолология ғылымдарының
кандидаты, доцент
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ АЯҚТАМА МƏСЕЛЕЛЕРІ
Фольклортану ғылымында ертегінің бастамасы мен аяқтамасы туралы пікірлер сан
алуан [1].
Қазақ ертегілерінің поэтикасында бастама мен аяқтама мəселесінің терең тексеруді
қажет ететін маңызды қажеттілік екендігін Батыс европа фольклортанушылары Ф.М.Люзеля
мен Поля Себийо француз ертегілерінің материалдарында алғаш рет қарастырған болатын.
Ал шығыс славян халықтарындағы бастама мен аяқтама формулаларының байлығы мен
алуан түрлілігі жөнінде жазылған еңбектер – өз алдына бір шоғыр.
Ертегінің поэтикалық бітіміндегі маңызды бөлігі əрі құрылымдық композициялық
маңызды бөлшек ретінде бастама мен аяқтама да түрлі даму жолынан өткен. Осы жерде
біздің қарастыратын нысанамыз – түркі халықтары ертегілеріндегі аяқтама мəселелері.
Бастамаға қарағанда аяқтама ықшам болады. Оның жалпы мағынасы: кейіпкер өмірінің əлі
де жалғасып жатқандығы, кейіпкердің оқиға соңындағы мекенінен хабардар ету, бүкіл ертегі
сюжетіндегі талас-тартыстың бітіп, бейбіт өмірдің орнағандығы туралы хабарлама,
тыңдарманға қарата айтылған сөз т.б қорытынды ойлармен түйінделеді.
Аяқтамалардың ішінде қысқа аяқтама, кейіпкер əрекетін баяндаудың толық аяқталуы
туралы хабарлама, көпшілікке, кейіпкерге қарата айтылатын негізгі сюжетке қатыссыз
əңгімелеулер мол кездеседі. Ертегінің бақытты аяқталу түйінінде ғана баяндаушыны тануға
болады. Оған дейін ол əрекетке байлаулы болады.
Мəселен, Алтайдың қиял-ғажайып ертегісіне ғана тəн лепті мəнді қысқа ғана аяқтама
маңызды роль атқарады. Көне бақсылық шамандық ғұрыптың элементі ертегі кейіпкерлерін
мазаламау, оларды сөз еткені үшін аруақтарына қарата айтылатын жайландыру,
тыныштандыру мақсатында «Шок! Чок» дейтін лепті сөздермен аяқтау міндетті екендігі
айтылады [2, 12-б.].
Түркі тектес халықтардың ертегілеріндегі аяқтамалардың əр түрлі мазмұндағы
ерекшелігін башқұрт ертегісінің мысалында А.М.Сулейменов өз ойын былайша баяндайды:
«Цель исхода и заключительной присказки состоит в том, чтобы разрядить внимание
слушателей сказки, напомнить ему о существовании реальной действительности, вызвать в
нем улыбку, даже смех, а иной раз и обратить внимание на самого сказочника с целью
получить благодарность угощение и подарок» [3, 197-б.].
Аяқтамаларда əңгімешінің өзіне жəне өзгелерге тілегі, ертекшінің əзіл-қалжың
түріндегі ой-түйіндері, тыңдаушыларға алғысы т.б. алуан түрлі топшылаулармен
тұжырымдалады.
Башқұрт ертегілерінде кейде ертекші ертегі кейіпкерлеріменен өзінің таныстығы,
оларда қонақта болғандығы, олардың қазіргі уақытта өмір сүріп жатқандығы туралы
эпикалық уақыт пен реалды уақытты сабақтастыра отырып, ертегісін аяқтауы да мүмкін.
100
Мұндай аяқтамалар жартылай-көшпелі тұрмыс кешкен түркі халықтарының ертегі мəтініне
тəн болып келеді.
Қиял-ғажайып ертегілер мен новеллалық ертегілерде оқиға шешімінен соң, екі түрлі
формула көрініс табады. Оның бірі сюжетке тікелей қатысты болып, баяндаудың эпиолог
формасында, кейде қорытынды түрде аяқталуын қамтамасыз етеді. Аяқтаманың екінші
формуласында жеңіл юморлық сипат көрініп, ертекшінің болған оқиғаға қатысы, тойда
болуы немесе кейіпкерлердің кейінгі өмір тынысы жайлы естігені туралы əңгімелерден
тұрады.
Ал аяқтамалардың ертегінің əртүрлі жанрлық түріне қатысты өзіндік өзгешеліктері
айқын. Мысалы, хайуанаттар жайлы ертегілердің этиологиялық ертегілеріндегі аяқтамалар
себеп-салдардың мəнін түсіндірумен қорытындыланады. Мысалы:
«Бірақ мысық əлгі тышқанды өлтіргенімен, жыл мүшелікке ие бола алмайды. Сөйтіп,
күні бүгінге дейін мысық тышқанды көрді болды, бас салып қысып, мылжа-мылжасын
шығарып жеп алатын болыпты [4, 39-б.]. Жəне сонымен, иттердің барлығын əлгі кəрі итті
ұстап келу үшін жан-жақтан іздеуге аттандырады. Талай тау-тасты басып іздеуге аттанады.
Олар талай тау-тасты басып, өзен-тоғайды аралап, алыс-жақындағы қалалардың барлығына
барады. Алайда əлгі итті ешқандай жерден таба алмайды. Күні бүгінге дейін иттер алтын
жүзікті, сол итті таба алмапты. Сол үшін қазір де иттер бірін-бірі көріп, кездесе қалғанда
«Байдың алтын жүзігін жоғалтқан ит мен емес, сенбесең, қарап көр, тісім сау» – деп, тістерін
ақситып, ырылдап қояды екен [4, 53-б.].
Ал батырлық ертегілердің аяқтамалары кейіпкердің, ертегінің өн бойындағы іс-
əрекетінің бағасы, жамандықтан жақсылықтың үстемдігін көрсетуге арналады.
«Делдаштай батыры, ері тұрған бұл елге бұдан былай ешқандай жау тиісе алмайтын
болыпты. Бұлар бейбіт, рақатты тұрмыс кешіріпті. Халық Делдашты «Ел үшін туған ер» деп
атапты [5, 178-б.], – деп қысқа қайырылса, «Боз атты Боран батыр» ертегісінде: «Ым, менің
қызымның түбіне жеткен сен екенсің ғой, оның теңге-моншақтарын иемденіп алуын қарашы
өзінің, жүзің күйгірдің өзі қайда екен?» – деп үйге кіріп, дереу сөнген отты үрлеп жақпақ
болады. Осы кезде босағада сақадай сайланып тұрған Боран батырдың қызы от үрлеп жатқан
жезтырнақ кемпірдің басын қатқан санмен періп-періп жібереді. Сом білек, соны қайрат
жезтырнақ кемпірдің басын отқа тығып, омыртқасын опырады. Содан былай Боран
батырдың қызы да батыр атанады. Ел аузында «Боз атты Боран батыр жəне оның ұрпағы
жезтырнақтың тұқымын құртқан екен» деген аңыз таралады» [5, 107-б.].
Көп ертегілердің соңында нақ осы шақ формасындағы етістік арқылы болған,
баяндалған оқиғаға сендіру тəн. «Тоғызыншы күні тоғызыншы шыныдағы дəріні құя
бергенде, көктен Əзірейіл періште түсіп, баланың қолындағы дəріні төгіп жібереді. Екі
тірілуге заң жоқ деп, сонымен «жақ-жақ» деп жатып қалады. Əлі күнге дейін «жақ-жақ» деп
жатыр дейді» [5].
Башқұрт ертегісінде: («Шулай донья көтөп яталар, ти, əле һаман да» – «Так вот
живут-поживают, говорят, и до наших дней») жəне белгілі өткен шақ формасында («Бына
ошо инде һиңə тип эзлəгəн килен», – тип, шул кыззы улына кəлəш итеп алып бирзе, ти» –
«Вот невеста, которую я искал и для тебя», сказал он и женил, говорят, сына на этой
девушке»), сондай-ақ белгісіз өткен шақ формасындағы аяқтамалар («Бына шулай курайсы
курайының моңо менəн кешелəрзе үлемдəн алып калған, кайғылының кайғыһын баскан,
ти» – «Вот так кураист мелодией курая спас людей от смерти, утешил их в горе, говорят»
[6, с. 77].
«Ақжан батыр» ертегісінің аяқтамасында нақтылы осы шақтағы өмір мен өткен шақ
араласып, болашақ «бақытты өмірдің» іргетасын құрайды. «Ақжан батыр да кері оралып,
жылқыларға барып, жолдастарымен байдың жылқыларын айдап əкеліп, байға тапсырады.
Бай жылқыларын аман алып шыққаны үшін жəне дəулерді өлтіргені үшін Ақжан батырға
келісім бойынша бір үйір жылқыны береді. Ақжан батыр бір үйір жылқыны үйіне айдап
101
келеді. Бұрын басынан өткен қиыншылығы ұмытылып, Ақжан батыр барша мақсатына
жеткен екен дейді» [5, 103-105 бб.].
Ертегі соңында нақ осы шақ етістік пен өткен шақ формасындағы етістіктің
қолданылуының мысалдары «Тотан батыр» ертегісінде тіпті тереңдей көрінеді: «Көзбояушы
жалмауыз мыстанның көзін байлай алмады. Тау көтеруші кемпірге бір кішірек тауды
лақтырып еді, кемпір оған да жығылмады. Бұл жайды тыңшы біліп, мергенге хабарлады.
Күтіп тұрған мерген ғана кемпірді атып өлтіреді. Желаяқты ажалдан құтқарады. Тотан
Күнікейді алып еліне келеді. Құбахан хан үлкен той жасап, хандығын береді» [5, 103-б.].
«Касим байзың əбейен алып, кайтып китте, ти (нақты өткен шақ). Алып барып тегене
тапшыра (осы шақ түріндегі белгісіз өткен шақ). Шул ерзе теге бай Касимға бөтөн донъяһын
бирзе, ти (нақты өткен шақ). Келəт тулы ит, ти (осы шақ)-«Касим забрал с собой, говорят,
старуху бая и потом возвращает ее. Бай, говорят, тут же отдал ему все, что у него было.
Говорят полная клеть мяса» [6].
Яғни, əрекеттің басталуы осы шақта берілсе, онда оқиғаның оқыс өзгерісінен соң өткен
шақ формасы баяндауда басымдық алады.
«Əэһəм кəберзе асып хараһа, унда һуш китерлек кыз ята, ти (осы шақ). Егет уны кəфене
менəн күтəреп алып сыккан. Кыз егеттəн энə менəн еп һораған (прошедшее неопределенное)
– (Вскрыл Адгам могилу и взглянул. Глядь-в ней лежит, говорят, писаная красавица. Егет
подхватил ее и вынес прямо в саване. А девушка попросила у него иголку с ниткой» («Адгам
и Зульхия» [6].
Ал егер əрекет басында белгілі сол уақыттың өткен шағы ретінде берілсе, баяндаудағы
оқиғалардың өзгерісінен соң баяндаудағы қазіргі уақыт осы шақ формасында пайда болады.
«Патша досының үйіне келеді. Баланы көрген патша шыбын жанын қайда тығарын білмей,
«қой, не де болса жалынайын, жалбарынайын, мүмкін, кешірім етер» деп алдынан шығып,
сəлем береді.
Бала сəлемін алмай, тоғыз түйеге артылған шеңгелдің ортасына байлап, бүкіл
халқының алдында от қойып, өртеп жібереді. Сөйтіп, елін ер, жерін жер қылып, бала мұрат-
мақсатына жеткен екен» [5, 213-б.]
Башқұрт ертегісі: Əсəһенəн порошок һораһа, тағы теге кыз килтереп биргəн (белгісіз
өткен шақ). Əсəй, индермə минең бүлмəгə, тип əйттем дə инде!-тип, йəнə бының башына
порошок менəн һукты, ти (белгісіз өткен шақ)-«Он попросил коробку зубного порошка у
матери, опять принесла та девушка. Мама, не пускай ее в мою комнату, говорил же тебе! -
сказал он и опять ударил, говорят, коробкой по голове девушки» [3, 197-б.]
Өткен мен бүгіннің қатар бейнеленуін сипаттайтын тұжырымдар: «Бөгөн барзым-кисə
кайттым» – «Пошел сегодня, вернулся вчера»; Бөгөн барып, кисə генə килдем. Өəлəк һəйбəт
йəшəйзер-«Пошел сегодня, вернулся вчера. Очень хорошо живут»; Бөгөн барзым, кисə
кайттым. Аръяғын һиңə туғарзым-«Пошел сегодня, вчера вернулся. Остальное тебе распряг»
[3, 193-б.].
Башқұрт ертегілеріндегі аяқтамалардың алуан түрлі екендігін айта отырып
фольклортанушы ғалым А.Сулейманов, ертегілік дəстүрдің əлсіреуінен бұл формулалардың
бұрынғы үлгілерінен гөрі басқаша сипат ала бастағанын айтады [3, 197-б.].
Көмекші сөздер «екен», «еді», «болыпты», «болған», «болмаған», т.б. Баяндаушы
əдетте айтылып отырған жайға қарым-қатынасын тікелей көрсетпейді. Оның тыңдаушыны
белгілі-бір ойға ұйыту мақсаты, кейіпкерлерге берген бағасы немесе риторикалық
сұрауларымен əртүрлі репликалар арқылы көрінеді. Мəселен, ситуацияға қатысты
репликалар: «Қарғыс атқыр», «Ол жау», «Сондай қарақшы», т.б.
Ертегілердің сюжетінде фольклордың дербес жанрларының да атқаратын рөлі зор.
Мысалы, ертегі композициясындағы жұмбақтар кейіпкердің бұдан кейінгі əрекеттерінен
алдын-ала хабардар етеді [5, 64-б.]. Сондай-ақ мақалдардың қолданысы, əсіресе шешімінде
үгіт-насихат, ақыл-ғибрат түйінін жасауға жұмсалады.
102
Кейбір ертегілерде аяқтама əдеттегі ертегі шешімінен бөлек түйінмен, кейіпкердің
дүниеден озуымен түйінделіп, шежірелік тұтастану белгілерімен яғни ұрпақ жалғастығымен
аяқталады.
«Ақырында, бір Құдайдың құдіреті, бұл мерген ханнан бай болып һəм хан болып,
дүниеден қайтты. Мергеннің өз қатынынан бір ұл туды. Əкесінің орнына хан болды. Періден
туған бала жас күнінде көз тиіп, дүниеден қайтты» [7, 50-б.].
Эпикалық дəстүр əсері басым ертегілердің, мəселен, батырлық ертегілердің
аяқтамасында оқиға шешімі кеңейтілген түрде əңгімеленіп, тыңдаушының реалды уақыты
мен эпикалық уақыт араласып кетеді. Болашақтың бағдары да баяндалады.
«Ақсақал шалдың астындағы ақсақ боз ат кісінеп қоя береді. Кенжекей аттың кісінеген
даусынан оның Шалқұйрық екенін таниды. Кенжекей мен Құба інген екеуін Ер Төстік
таниды. Сол арада амандасып, мəз болып қалысады. Бəрі де баяғы айырылған күндегі
қалыптарына келіп, қайтадан жасарады. Ер Төстік - жас жігіт, Кенжекей – жаңа түскен
келіншек, Шалқұйрық бесті ат қалпына келеді. Одан кейін ұзақ жылдар өмір жасап,
мақсаттарына жетеді [5, 16-б.].
«Олардың ертегі композициясындағы тағы бір айырмашылық – сюжеттің эпилогпен
кеңеюі, яғни ертегінің эпикалық бөлімі біткеннен кейін оқиға бірден шешімге (развязкаға)
келмейді: кейіпкердің əрі қарайғы тағдыры баяндалады, я болмаса оның ұрпағы, əйтпесе
інісінің іс-əрекеті əңгімеленеді. Көп жағдайда мұндай эпилогтың басты қаһарманы – негізгі
кейіпкердің кіші інісі, немесе баласы болып келеді. Ол өзінің алдындағы геройдан (ағасынан,
əкесінен) əлдеқайда күшті, ағасы, немесе əкесі жеңе алмаған жойқын жауды жеңеді, сөйтіп
өзінен бұрынғылардың арманын жүзеге асырады» [8, 243-б.].
«Ата-анасына қосылып, бала қуанады. Баласына қосылып, ата-ана қуанады. Ұлы думан,
үлкен той істейді. Кендебай тұрғанда елге батып ешбір жау тие алмайды. Сөйтіп, бұл ел
«Керқұла атты Кендебай батырдың елі» болып атаныпты» [5, 62-б.].
Сонымен жинақтай келгенде айтарымыз, қазақтың прозалық фольклорының көлемді ірі
көркем саласы – ертегілердің композициялық құрылымындағы аяқтама ең маңызды əрі
күрделі бөлшек. Түркі халықтарының материалдарында тексеру нəтиежесінде көз жеткен
жағдай: ұқсастықтармен қатар əрбір халықтың эпикалық дəстүріне сəйкес өзіндік
ерекшеліктерінің де болуы. Ең алдымен əрбір халықтың өзінің ертегі жанрының түрлеріндегі
ортақтық пен айырмашылық жігін ажыратып алып, түркі халықтарымен тереңдете талдау
жұмыстары – аса үлкен ыждаһаттылықты қажет ететін мəселе. Мұның өзі фольклордағы
ертегі жанрының поэтикасын зерттеу қазақ фольклортану ғылымында назардан тыс қалған
тақырып екенін ағартса керек.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Ведерникова Н.М.Русская народная сказка. – М., 1975; Герасимова Н.М. Формулы русской
волшебной сказки (К проблеме стереотипности и вариативности традиционной культуры) //
Советская этнография. – 1978, № 5; Волков Р.М. Сказка: Разыскания по сюжетосложению
народной сказки. Е. 1. – Одесса, 1924; Новиков Н.В. К художественной спицифике восточно-
словянской волшебной сказки (начальные и закличительные формулы) // Отражение
межэтнических процессов в устной прозе. – М., 1978; Померанцева Э.В. Русская народная
сказка. – М., 1963; Рошяну Н. Традиционные формулы сказки. – М,. 1974.
2. Толбина. М.И. Сюжеты и стиль Алтайской волшебной сказки. – М., 1990.
3. Сулейманов А.М. Башкирские народные бытовые сказки: сюжетный репертуар и поэтика.
– М: Наука, 1994. – 348 б.
4. Бабалар сөзі. Жүз томдық. – 73-том. – Астана, 2011. – 432 б.
5. Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана, 2011. – Том 75. – 424 б.
6. Башқорт халық ижады. – Өфө.1981. – 568 б.
7. Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана, 2011. – Том 74. – 432 б.
8. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А.,1984. – 272 б.
103
А.Д. Мейірманов,
Философия, саясаттану жəне
дінтану институты Дінтану бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Достарыңызбен бөлісу: |