Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивтік білім беру әдіснамасын құрылымдаудың пәнаралық сипаты



бет22/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107
Инклюзивтік білім беру әдіснамасын құрылымдаудың пәнаралық сипаты

Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру үдерісін жетілдірудің әдіснамалық тұғырлары негізделді. Инклюзивті білім беруде гуманистік тұғырдың бағыты, балаларға, оның ішінде ең алдымен МШБ-ға мейірімділік, ашық қарым-қатынасты орнату, құндылықтық тұғырдың маңызы – инклюзивті оқытуды ұйымдастыруда әр бір жанға құндылық көзқарас таныту, тұлғалық-әрекеттік тұғыр инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда тұлғаға бағытталған барлық принциптер, әдістер мен тәсілдердің сәтті жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Бағдарлылық тұғыр бұл жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасау, ақыл-ой әрекетінің жоспарлы дамуы теориясына негізделген түсінік. Синергетикалық тұғыр инклюзивті білім беру мен түзетупедагогикалық көмектің мүмкіндіктерін түбегейлі кеңейтеді. Жүйелік тұғыр білім беру теориясы мен оқыту теориясының үйлесімді жүйесін дамытуға, оның барлық негізгі элементтерін (мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері) сипаттауға мүмкіндік береді.



  1. «Білім беру ортасы» түсінігінің мағынасы

«Білім беру ортасы» түсінігін бірқатар таяу және алыс шетел ғалымдары зерттеуде (В.И.Слободчиков, В.А.Петровский, Н.Б.Крылова, М.М.Князева және т.б.). Олар «білім беру ортасы» түсінігінің философиялық аспектілеріне, оны жобалау тәсілдері мен технологияларына назар аударған. Оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесінде білім беру ортасын құру мәселелері О.С.Газманның, М.В.Клариннің, И.Д.Фруминнің, дамыта оқыту жүйесінің негізін қалаушылардың (В.В.Давыдов және т.б.) жұмыстарында қарастырылған.



  1. М.Монтессоридың сыныптың кеңістіктік-білім беру ортасын модельдеу жөніндегі көзқарасы

Мария Монтессори білім беру ортасының кеңістіктік-заттық модельдеуі жеке тұлғалық дамудың негізгі факторы екендігіне бірінші болып назар аударған. Ол білім беру ортасының кеңістіктік-заттық ұйымдастырылуын «дайындық ортасы» деп атаған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет