Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Кеңістіктік-білім беру ортасын дәстүрлі модельдеу, оның жетістіктері мен кемшіліктері



бет24/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Кеңістіктік-білім беру ортасын дәстүрлі модельдеу, оның жетістіктері мен кемшіліктері

1.Кеңістік-заттық компонент (субъектілердің тіршілік әрекетін архитектуралық-кеңістіктік ұйымдастырылуы);
2.Мазмұндық-әдістемелік компонент (оқыту мен тәрбие тұжырымдамалары, білім беру программалары, оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру формалары мен технологиялары);
3.Коммуникативтік-ұйымдастырушылық компонент (білім беру ортасы субъектілері ерекшеліктері, ұжымдағы жайлы психологиялық климат, басқару ерекшеліктері).
Инклюзивтік білім беру ортасы білім беру процесінің барлық субъектілерінің тиімді өзіндік дамуын қамтамасыз ететін білім беру ортасының бір түрі болып табылады. Білім беру кеңістігін әр баланың қажеттіліктеріне бейімдеуді көздейді, соның ішінде білім беру үдерісін реформалау, әдістемелік икемділік және өзгермелілік, жағымды психологиялық ахуал және барлық балалардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оқу бөлмелерін қайта құру мәселелері қарастырылады және бұл бүкіл балалардың қажеттіліктеріне жауап беруін, білім беру процесіне олардың толық қатысуын талап етеді.



  1. Кеңістіктік-білім беру ортасын инновациялық модельдеу, оның жетістіктері мен кемшіліктері

Ұйымның білім беру ортасы құрамдарын ұсынған Е.А.Климов, В.А. Ясвин, С.В. Тарасов зерттеулері негізінде түрлі мүмкіндіктер мен ерекшеліктерге ие балаларды әлеуметтендіру кеңістігі ретіндегі инклюзивтік білім беру ортасы құрылымын былайша ажыратып көрсетуге болады:
1.Кеңістік-заттық компонент (мекемелердің материальдық мүмкіндіктері – кедергісіз архитектуралық-кеңістіктік ұйым; балалардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыратын заманауи құралдар мен жүйелерді қамтамасыз ету);
2.Мазмұндық-әдістемелік компонент (бала дамуының бейімделген жеке маршруты, білімдік-тәрбиелік әдістеме, формалар мен құралдардың вариативтілігі мен икемділігі);
3.Коммуникативтік-ұйымдастырушылық компонент (педагогтардың аралас (интегративті) топпен жұмысқа тұлғалық және кәсіби даярлығы), ұжымдағы жайлы психологиялық климат, мамандардың командалық іс-әрекетін басқару).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет