Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет73/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Ойын технологиялары. Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді: сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, анықтамалар, көрсетулер. Оқытудың ойын түрін ұйымдастыруда балаларды танымдық іс-әрекетіне ынталандыруға құрал ретінде ойын шарттары құрылады. Заманауи «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам», «Киіз үй», «Бал-бала» ойыншықтары, дамытушы ойындарымен ойнап қана қоймай, сонымен қатар, оқу тәрбие жұмысына мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар. Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үдерістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үдерісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады. Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты тандауға мүмкіндік жасай алатын жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технологиялармен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандандырылған немесе бейімдендірілген компьютерлік бағдарламаларды қолдану ұсынылады. Оларды қолдану тиімділігі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен жаңа мүмкіндіктерді қолдану дағдысына байланысты. Сондай-ақ мұғалімнің жаңа инновациялық технологияларды енгізуде балалардың мотивациясын арттырып, психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет