Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Прагма Шетел мемлекеттерінде интеграциялық білім беруді нәтижелі іске асырудың алғышарттарын талдаңыз



бет74/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Прагма



  1. Шетел мемлекеттерінде интеграциялық білім беруді нәтижелі іске асырудың алғышарттарын талдаңыз.

Шет елдердегі мүмкіндіктері шектеулі балаларды өздерінің қалыпты замандастарымен бірге интеграциялап, біріктіріп оқыту идеясының пайда болуына және оның дамуына қоғамдағы демократиялық козғалыстар ықпал етті. Бұл дискриминацияға қарсы процестер өткен ғасырдың 70-ші жылдарына белсенді дамып, кемтар тұлғалардың құқықтарының теңдігін бекіткен. Сол кездерден бастап дамушы елдерде жалпы мектептерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың қалыпты құрбылармен бірге оқыту үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілген (арнайы педагогтармен қызмет көрсететін косымша мамандар сипатымен, арнайы қаржылай көмек, ерекше қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажетті техникалық құралдар). XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды.
Әрбір мемлекетте интеграцияның өзіндік модельдері іске асырылады, яғни бұл әмбебап интегративті білім беру модельдерін құру мүмкін еместігінің дәлелі. Бірақ кез-келген мемлекетте интеграциялық білім беруді нәтижелі іске асырудың бірқатар алғышарттары бар. Оларға жатқызылады:

  • жеке тұлғаның құқықтары қорғалатын демократиялық құрылымды қоғам;

  • білім беру процесінің жартылай қамтылуы;

  • кең көлемді арнайы білім беру қызметтердің және жалпыға білім беру мектептің, бала бақшаның құрылымында мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірлік іс-әрекетін қамтитын ерекше жағдайлардың болуы;

  • интеграциялық процестердің жайлы өтуі, жалпыға білім беру мен арнайы білім беру жүйелері ұсынатын білім беру мен түзету қызметтерін таңдау мүмкіндігі;

  • қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара байланысқа түсуге дайындығы.

Ғалымдардың қазіргі таңдағы зерттеулері бойынша инклюзивті білім беру тәжірибесін қамту аймағында ең жетілген заңнамалар келесі мемлекеттерде қабылданған: Канада, Кипр, Дания, Исландия, Индия, Мальта, Нидерланды, Норвегия, ЮАР, Испания, Швеция, Уганда, АҚШ және Ұлыбритания. Италияда біріктіріп білім беруді заңнамалар 1970-ші жылдардан бастап қолдайды. Сонымен қатар, ең жылдам және түбегейлі өзгерістер әлемнің бірнеше ең кедей мемлекеттерінде бақыланады: Угандада, Лесотода, Вьетнамда, Лоюста, Иорданияда, Палестинада, Мароккода, Мысырда және Иеменде. Бұл динамика, көбіне аталған мемлекеттерде, ЮНЕСКО бағдарламаларының нәтижелі іске асырылуымен түсіндіріледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет