Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім берудегі проблеманың мысалы



бет84/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім берудегі проблеманың мысалы — инклюзивті сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен кәсіби дайындығының болмауы. Бұл мүмкіндігі шектеулі студенттерге қолдаудың болмауына әкелуі мүмкін, бұл олардың академиялық және әлеуметтік дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін мектептер мұғалімдерге инклюзивті сыныптарда сабақ беру үшін қажетті дағдыларды дамытуға көмектесу үшін оқыту мен қолдау көрсете алады.



  1. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру мектебіне қосу түрлерін атаңыз. Өз тарапыңыздан тағы не ұсынар едіңіз?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларының 18-тармағында белгіленген: «Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкiлдердiң мүдделерiн ескере отырып, жергiлiктi білім берудi басқару органдарымен келісім бойынша білім беру ұйымдарында даму мүмкіндігі шектеулі балалармен дені сау балалардың бірлесіп оқитын сыныптары (бір сыныпта даму мүмкіндігі шектеулі екі баладан артық оқытылмауы тиіс) немесе арнайы білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларында көрсетілген толымдылыққа сәйкес бұзушылық түрлері бойынша арнайы сыныптар ашылуы мүмкiн. Инклюзивтік және арнайы сыныптардағы даму мүмкіндігі шектеулі барлық білім алушыларға арналған түзету сабақтарын арнайы педагогтер (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүзеге асырады. Жалпы сыныптарға қосылған даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша білім алады».
Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін дамуындағы бұзылыс түріне қарай және оқу үдерісін барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады:

  • естімейтін балаларға арналған 8 адамнан артық емес;

  • нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған 10 адамнан артық емес;

  • зағип балаларға арналған 8 адамнан артық емес;

  • көзі нашар көретін және кейін келе көрмей қалған балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын;

  • сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын;

  • тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын;

  • психикалық дамуы тежелген балаларға арналған – 12 адамнан артық емес;

  • жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 12 адамнан артық емес;

  • орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 6 адамнан артық емес;






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет