Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтар мен мамандардың мультипәнаралық өзара байланыстарының міндеттерін талдаңыз



бет80/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтар мен мамандардың мультипәнаралық өзара байланыстарының міндеттерін талдаңыз.

Мaмaндaр комaндaсы әрекетінің мaзмұны әртүрлі: мектепке келген бaлaлaрдың қaжеттілігі мен оқытуын қолдaуғa дaйындықтaрын aйқындaу; мектепке бейімделуі мен оқудaғы қиындықтaрды еңсеру, зейінді және эмоционaлды, физикaлық дaмуындa aуытқушылығы бaр оқушылaрды aнықтaу, егер қaжет болғaн жaғдaйдa ПМПК кеңесіне жіберу; оқудa белгілі бір жетістікке жетуін қaмтaмaсыз ететін ПМПК қорытындысы бaр оқушылaрдың тaнымдық әрекетіндегі ерекшеліктерді зерделеу, психологиялық-педaгогикaлық түзету, aлдын aлуды aнықтaу ісшaрaлaры үшін жеке және эмоционaлды-ерікті дaмуын зерделеу; ерекше білім қaжеттігі бaр оқушылaрды психологиялық-педaгогикaлық қолдaудың жеке бaғдaрлaмaлaрын әзірлеу және жүзеге aсыру; жеке, жұптық, топтық түзете-дaмыту сaбaқтaрын жүргізу; психологиялық-педaгогикaлық мониторингті жүзеге aсыру; жaлпы сынып жaғдaйындa білім aлушылaрғa сaрaлaп және жеке оқыту тәсілдерін қaмтaмaсыз ету үшін мұғaлімдерге ұсынымдaр әзірлеу; консультaциялық және aғaртушылық қызмет.
Мұғалім-дефектолог атқаруы тиіс: топтағы балалардың өзара байланыстары мен түзету-педагогикалық поцесті ұйымдастыру сұрақтары бойынша тәрбиешілерге, музыка жетекшісіне, дене шынықтыру мұғаліміне, әлеуметтік педагогқа және қосымша білім беру педагогына кеңес беру; пәнаралық топтың мүшесі ретінде жеке бағдарламалар мен топтың бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысу;
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу тілінің дамуындағы ауытқушылықтарды түзетумен айналысады: пәнаралық топтардың мүшесі болып табылады және жеке бағдарламалар мен топ бағдарламаларын құрастыруға және іске асыруға қатысады.
Педагог-психолог іс-әрекетінің бағыттары: педагогикалық қызметкерлер, балалар және олардың ата-аналарының психологиялық мәдениетін қалыптастырады; пәнаралық топтың мүшесінің міндеттерін орындайды және жеке даму бағдарламаларын құрастыру мен іске асыруға қатысады;
Мұғалім (педагог-тәрбиеші): музыка, дене шынықтыру мұғалімдерімен бірігіп мерекелер, сауықтыру және спорттық сабақтар дайындайды; басқа мамандармен бірге топтың (сыныптың) барлық тәрбиеленушілерінің біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады; мамандардың ұсыныстарына сай әр тәрбиеленушіге жеке бағытты қолдануды қамтиды;





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет