Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде



бет49/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Декларацияның басты қағидалары:

  • әр баланың білім алуға құқығы бар және мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиіс;

  • әр баланың өзіне тән ерекшеліктері, қызығушылықтары, қабілеттері мен оқу қажеттіліктері бар;

  • білім беру жүйелерін жобалау және білім беру бағдарламаларын осы сипаттамалар мен қажеттіліктердің алуан түрлілігін ескеретін етіп құрастыру қажет;

  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ең алдымен балаларға бағытталған осы қажеттіліктерді өтейтін педагогикалық әдістер негізінде жағдай жасайтын жалпы білім беретін мектептерде білім алуының қолжетімді болуы;




  1. Оқушыларды инклюзивті мектепке қабылдау қағидалары.

Инклюзивті білім берудің мақсаттарының бірі — келешекте барлық мектептердің мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын болуы.
Қазіргі уақытта инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары болып:
1.Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
2.Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
3.Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
4.Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
5.Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы.
6.Инклюзивті білім берудің көп аспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
7.Инклюзивті мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
8.Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
9.Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
10.Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
11.Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
12.Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата-анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым-қатынас қалыптастыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет