Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Отбасының мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде алатын орнын ашып көрсетіңіз



бет89/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Отбасының мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде алатын орнын ашып көрсетіңіз

Отбасының жетекшілік маңызы тәрбиеленіп жатқан баланың тән — дене және рухани дамуына әсер етуші ықпапдар мәні мен магынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Мүмкіндіктері шектеулі бала үшін отбасы бір жағынан тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан – тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмір сүру мен қалыптасуы қадамы отбасында өтеді. Отбасы бүл мектеп, ақпарат қайнары, ұжымда, дос-жаранды да, әдеп пен өнер кілті. Сондықтан тұлғаның қалыптасу нәтижелігі ең бастысы отбасына тәуелді. Педагогика тарихында отбасында тәрбиелеу мәселесін Д.Дидро, Я.А. Коменский, П.Ф. Лесгафт, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский қарастырған. Барлығы баланың ерте жасынан отбасында адамгершілік құндылықтар мен нормаларды меңгеретіне көңіл бөліп, байқаған.
Мүмкіндіктері шектеулі бала отбасында адамгершілік тәрбие алады, дене салауаттылығын жетілдіреді және эстетикалық талғамын қалыптастырады, ол үшін отбасымен келесі бағыттағы іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделуі қажет:

  • ата-анасының және басқа да отбасы мүшесінің баламен қарым-қатынасын анықтау;

  • отбасы мүшесімен және басқа адамдармен қарым-катынас қалыптастыру процесін қадағалау;

  • баланың танымдық және еңбек әрекетің, тәртібін, өмірлік тұрмысын арнайы ұйымдастыру.




  1. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен байланыс орнатуда туындайтын қиыншылықтарды анықтаңыз

Біріншіден, баланың отбасы жағдайындағы хал-ахуалы. Бұл ретте ата-ананың инклюзивті білім беру туралы түсінігінің алуан түрлілігі немесе баланың бұзылысына көз жұма қарауы және денсаулығындағы түрлі ауытқулар мен бұзылыстарды мойындамауынан қиыншылықтар туындайды. Себебі, ата-ана жалпы білім беретін мекемелерден тек сапалы білім беруді сұрайтындықтан, арнайы сыныптарға отырғызылған балаларының ұстаздарынан және түзету сабақтарын жүргізетін мамандардан (логопед, дефектолог, психолог) тек сабақ үлгерімін талап етеді.
Екіншіден, көпшілік ата-ананың ұғымында бірінші орында баланың білім деңгейі тұрады. Сондықтан барлық мамандар бірлесіп, баланың сабағына күнделікті қарап, үй тапсырмасын орындап жіберуі тиіс деп есептеп, инклюзивті білім беру жүйесін осылайша түсінеді. Бұл мүлдем олай емес. Ең алдымен инклюзивті сыныптарға білім беретін ұстаздар мен мамандарға ата-ананың оң түсінігі мен көмегі ерекше қажет.
Үшіншіден, отбасындағы татулық үлкен рөл атқарады. Ата-анасының ауызбіршілігі мол болса, онсыз да өзін қоғамнан және өздерінің қатар құрбыларынан ерекше санайтын баласына теріс эмоциялық әсер бермеуі тиіс. Ол үшін мамандармен бірлесіп, ата-анаға психологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу қажет. Яғни, ата-ана инклюзивті білім туралы кең көлемде мағлұмат ала отырып, жіберілген қателіктердің орнын толтыруға толыққанды атсалыса алады. Ата-ана мен мектеп педагогтары және арнайы мамандар бірлесіп, жұмыла отырып даму мүмкіндігі шектеулі бала үшін қызмет жасағанда ғана өмірге деген қызығушылығы мен құлшынысы арта түсетіні анық. Осындай кедергілерді жойғаннан кейін барып баладан сапалы білім деңгейін сұратуға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет