Жалпы қарау
Ауру адамның санасы. Бауыр мен өт жолдарының көптеген ауруларында науқас адамның сана сезімінде ешқандай өзгеріс болмайды. Тек бауыр жетіспеушілігінде әуелі эйфория, кейін тұнжырыңқы түрге өзгеруі байқалады. Ең соңында бұл ауруда кома дамиды. Бауыр комасын гепатаргия деп атайды.
Науқас адамның жалпы бейнесі. Дене тұлғасы гиперстеникалық типті адамдарда семіздік пен өтте тас пайда болуы жиірек кездеседі. Аурудың өте жүдеуі, кахексияға дейін жүдеу бауыр циррозында, бауыр мен өт жолдарында қатерлі ісіктерінде кездеседі.
Тері мен кілегей қабықтарды қарау. Ең жиі кездесетін белгіге сарғаю жатады. Сарғаю ең әуелі склерада, жұмсақ таңдайда және тіл астында пайда болады. Кейін алақан мен табанда пайда болады, ең соңында барлық тері сарғаяды. Шын сарғаюды экзогендік сарғаюдан ажырата білу керек. Экзогендік сарғаю терінің түсін сары түске өзгертетін заттар қабылдағаннан (акрихин, каротин, апельсин, мандарин), нитротолуол және пикрин қышқылымен қызмет істегеннен болады. Экзогендік сарғаюда склера еш уақытта да сарғаймайды және қандағы билирубин концентрациясы қалыпты мөлшерден аспайды.
Теріге қан құйылу, петехиалық бөртпе бауыр жетіспеушілігіне тән геморрагиялық диатездің белгісі.
Бауыр, өт жолдары аурулары бар науқастарды зерттеу. МҮҰ. Бауырға пальпация жүргізу. Диагностикалық маңызы.
Бауыр пальпациясында Оброзцов-Стражеско тәсілі қолданылады.Бұл тәсілдің принципы демді терең алғанда бауырдың төменгі шетінің сипаушы саусақтардың жоғары жағындағы қалтадан төмен түскен кезінде саусақтардың ұшына тиіп өтетініне негізделген.Бауырдың пальпациясы кезінде оның орнын,сырт түрін,төменгі шетін,бетінің сипатын (тегіс не бұдыр), ойығының барын, сезімталдығын анықтау керек.Қалыпты жағдайда бауырдың шеті қабырға иінінен 1-2см төмен түсіп тұрады.
Дәрігер сол қолдың төрт саусағын оң жақ бел аймағының астына жіберіп бас бармақпен алдан төмен қарай қысып, демді ішке алғанда кеуденің керілуін шектетеді.Ал оң қолды оң жақ бұғана орта сызық бойына іштің үстіне орналастырады,оң қолдың саусақтары аздап бүгілген болу керек.Демді сыртқа шығарғанда іш қуысының ішіне аздап сұғады да терең дем алуды сұрайды.
Бауырдың болжамалы шетін алдын ала перкуссия тәсілімен анықтайды.
Бауыр, өт жолдары аурулары бар науқастарды зерттеу. МҮҰ. Бауырға перкуссия жүргізу. Диагностикалық маңызы.
Перкуссия тәсілімен бауырдын жоғарғы және төменгi шегiн анықтайды. Бауырдын перкуссиялық жоғарғы екi шегi болады:
1.Шала тұйық дыбыс шегi, бауырдың шын шегіне сәйкес келедi.Ол кеуде сарайының түрi мен диафрагманың орнына тәуелді. Бауырдығ жоғарғы шетi өкпемен жабылып турғандықтан, ол перкуссия ауданына тап болмайды. Сондықтан бауырдың жоғарғы шегi тұрақсыз болып келедi, сол себепті оны анықтаудың практикалык маңызы жоқ.
2. Туйық дыбыстың жоғарғы шегі - бауырдың өкпемен жабылмаған жерiне сәйкес келедi. Оны оң жақтағы алдыңғы қолтық, бұғана ортасы, төс қасы сызығы бойында анықтайды. Бауырдың жоғарғы шегiн көрсетiлген сызықтар бойында анық өкпе дыбысының толык тынық дыбысқа ауысқанына қарап анықтайды. Бауырдың төменгі шегiн де керсетiлген белгi сызықтар бойымен анықтайды. Перкуссияны бауырдың болжамалы төменгi шегiнен төмен бастау керек және жәй перкуссияны пайдалану керек. Дұрысы Образцовтың бір саусақпен жүргiзетiн шерту перкуссиясын пайдалану. Бауырдын төменгi шегiн дабыл дыбысының тынық дыбысқа ауысқан жерiне карап аныктайды.
Ұйқыбезі аурулары бар науқастарды зерттеу. МҮҰ. Сұрастыру. Диагностикалық маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |