Ойыншылар шамамен тең болатын екі топқа бөлініп, сызықтың екі жағынан бір-біріне қарама-қарсы қарап тұрады. Бұдан кейін олар жұп-жұбымен қолдарынан ұстасып, өз жағына
қарсыласын тартуға тырысады. Сызықтың өз жағына көбірек ойыншыларды тартқан топ жеңеді.
1.Қоршаған ортамен танысу Ормандағы тіршілік тізбегі, орман тұрғындарының бір-біріне тағамдық тәуелділігі жайлы әңгімелеу
«Табиғатта барлық зат бір-біріне тығыз байланысты және жануарлар мен өсімдіктер санының арасында тепе-теңдік бар. Жер бетінде көптеген өсімдіктер, бұталар мен ағаштар өседі. Оларды шөпқоректі жануарлар, мысалы қояндар жейді. Ал қояндарды жыртқыш аң-қасқырлар жейді». Төмендегі тапсырмаларды орындауды ұсыну «Өсімдіктер бейнеленген барлық карточкаларды таңдап алып, оларды тақтаға орналастыр»
«Осы өсімдіктермен қоректенетін жануарларды тауып, оларды тақтаға орналастырыңдар»
«Тақтада өсімдіктерден төмен орналасқандарды жейтін жануарларды табыңдар».
«Тақтаға ұсақ аңдар мен құстарды аулап жейтін жыртқыштардың суреттерін орналастырыңдар».
Тәрбиеші жекелеген аңдар үшін шағын «қоректену тізбегін» құрауға болатынын айтады (үлгілеркөрсетеді).
Гүл – көбелек – сары шымшық – жапалақ; Емен, жаңғағы – тышқандар – түлкі.
Балалар мынадай тұжырым жасайды: өсімдіктер жәндіктер мен ұсақ жануарларды
«қоректендіреді», ал жәндіктер мен ұсақ жануарлар ірі жануарларды «тамақтандырады». Ал олар жыртқыштардың жеміне айналады. Ормандағылардың бәрінің тамағы тоқ па? Ал өсімдіктер ше? Осы жерде балалар өсімдіктердің өсуі үшін қажет заттарды еске түсіреді. Тақтаға күн, су мен ауаның үлгілерін жапсырады.
«Кім адасты?» ойынын ойнайды. Ойын шарты: Балаларға бірнеше нысанды атап көрсетеді. Оның біреуі қалғандарымен бір топқа жіктеуге келмейді.
Ойынға кірісіп, кімнің адасып кеткенін табады.
Мысалы:Сиыр, маймыл, ит, тасбақа, кенгуру Тасбақа. Қалған жануарлардың бәрі – сүтқоректілер, ал, тасбақа олай емес. Немесе кенгуру.
Оның қалтасы бар, басқаларда қалта жоқ.