Мысалы: А – болса:
Балалар: Ай, алма, алмұрт, асқабақ т.б.
2. Математика негіздері
«Қарама-қарсы бағдарды ата» дидактикалық ойыны
Тәрбиеші ұйымдастырады.
Тәрбиеші кеңістіктік бағдарларды атайды, ал белгі (доп, көрсеткіш, фишкажәне т.с.с.) алған бала мағынасы бойыншақарама-қарсыбағдарды атайды. Мысалы, оң жақ – сол жақ,жоғары – төмен және т.б.
Балаларға мағынасы бойынша қарама-қарсы сөздерді айтады.
Топтық жұмыс. «Не өзгерді?» ойыны
Тәрбиеші үстелінде бірнеше зат жатыр. Балалар бір-біріне қатысты заттардың қалай орналасқанын есте сақтайды. Содан кейін олар көзін жұмады, осы кезде тәрбиеші бір немесе екі заттың орындарын ауыстырады. Балалар көзін ашып,қандай өзгерістерболғанын, заттар бұрын қайда тұрғанын және қазіргі тұрған жерін айтады.
3. Қазақ тілі
Дидактикалық ойын: «Төлдерің ата және көрсет» Балалар үй жануарларын атап, ойыншықтарды көрсетеді, төлдерін атайды және көрсетеді. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Дидактикалық ойын: «Біздің көңіл - күйіміз»
Мақсаты: балаларды суреттегі бет- әлпет
бойынша ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету.
Көңіл күйді білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.
Шарты: бет- әлпеттің мимикасына қарап, көңіл күйді білдіретін сөздерді бөліп айтады. Сөйлем құрайды, әр түрлі көңіл күйді білдіретін сәттерді салу.
Күліп тұрған бала
Ренжіп тұрған бала
Аузын ашып тұрған бала
Аузын томпайтып тұрған бала т,б суреттер
Дидактикалық ойын
«Керісінше айт»
Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: доп
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...
4.Дене шынықтыру
Достарыңызбен бөлісу: |