Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы


«Бөлшектерінен тап» ойыны



бет3/13
Дата22.05.2023
өлшемі248 Kb.
#96016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
«Бөлшектерінен тап» ойыны
Терезе, шатыр, қабырға – ... (үй)
Жапырақ, діңгек, бұтақ – ... (ағаш)
Дөңгелек, кузов, кабина, руль – ... (көлік)
Бас, аяқ, ауыз, өркеш – ... (түйе)
«Мамандықты тап» ойыны
Науқасты кім емдейді? (дəрігер)
Шашты кім қияды? (шаштараз)
Үйлерді кім салады? (құрылысшы)
Көмірді кім қазады? (шахтер)
Кітапты кім жазады? (жазушы)
«Қарама-қарсы іс-əрекетті айт» ойыны
Үміт жылады, Іңкəр ... (жыламады)
Марат үндемей отыр, Таңат ... отыр. (шулап)
Ардақ жазып отыр , Асыл ... (жазбай отыр)
Қыздар биледі, ұлдар ... (билемеді)
Ақтөс үрді, Кұтжол ... (үрмеді)
4.Дене шынықтыру
Қозғалмалы ойындар

«Арқаннан секіру»


Ойынды тегіс алаңда ойнаған жөн. Оған радиусы арқан ұзындығымен немесе бір-біріне байланған секірменің ұзындығымен бірдей шеңбер сызып сызу керек. Осыдан кейін санамақ көмегімен жүргізуші саналады.
Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрып, арқанды ойыншылардың тізелері деңгейінде айналдырады, бұл ретте айналдыру жылдамдығын ақырындатып немесе арттырып отыруға болады арқанмен ойыншылардың аяқтарына тиюге тырысу керек.
Шеңбердегі ойыншылардың Мақсаты – жүргізушінің айласына алданбай арқаннан аттау немесе одан секіру. Ал аяғына арқан тиген ойыншы келесі ойында жүргізуші болады.

«Дауыста, атыңды айтам»


Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын
ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет