Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындау Шымшық ұшып-қонады, (Бір орында тұрып қос аяқтап секіреміз). Бір орнында отыра алмас, (бір орында тұрып сол аяқпен секіреміз). Бір-екі, бір-екі, (Бір орында тұрып оң аяқпен секіреміз).Зуылдады тоқтамай. (Бір орында тұрып айналамыз) Міне, бір минутқа отырды, (Отырамыз.)
Тұмсығымен кеудесін қасыды,(Орнымыздан тұрып, басымызды оңға-солға иеміз). Ұшты, қонды, (Бір орында тұрып сол аяқпен секіреміз). Шыр-шыр, (Бір орында тұрып оң аяқпен секіреміз).
Шыр-шыр! (Бір орында тұрып қос аяқтап секіреміз).
2.Қазақ тілі
Дидактикалық ойын: «Төлдерің ата және көрсет» Балалар үй жануарларын атап, ойыншықтарды көрсетеді, төлдерін атайды және көрсетеді. Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
Дидактикалық ойын: «Біздің көңіл - күйіміз»
Мақсаты: балаларды суреттегі бет- әлпет
бойынша ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету.
Көңіл күйді білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.
Шарты: бет- әлпеттің мимикасына қарап, көңіл күйді білдіретін сөздерді бөліп айтады. Сөйлем құрайды, әр түрлі көңіл күйді білдіретін сәттерді салу.
Күліп тұрған бала
Ренжіп тұрған бала
Аузын ашып тұрған бала
Аузын томпайтып тұрған бала т,б суреттер
Дидактикалық ойын
«Керісінше айт»
Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: доп
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...
3.Көркем әдебиет
9 Мамыр – Жеңіс күні! (Слайд көрсету, əңгімелеу.)
Біздің батыр ағаларымыз бен апаларымыз елімізді, жерімізді жаудан қорғап қалды. Ұлы Отан соғысы батырларының суреттерін көрсету.
Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аға-апаларымызды атайықшы.
(Бауыржан Момышұлы, Əлия Молдағұлова, Мəншүк Мəметова, Рахымжан Қошқарбаев т.б.)
Жеңіс күні мəңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіледі.
Біз бүгін ақын Қайрат Жұмағалиевтің «Жеңіс күні» өлеңімен танысамыз.
Ойлап-ойлап тұрдым көп.
Сауал бердім білгім кеп:
Қуанышты мереке-
Жеңіс күні қай күн? Деп
Атамнан да сұрадым
Әкемнен де сұрадым
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын,
Дұрыс десті,-сұрағын
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні,шырағым!
4.Музыка
Балалар интерактивті тақтадан Жеңіс күні туралы көріністер көріп, еліміздің батырлары туралы мәлімет алады. Жауды жеңген батыр ағаларымызды мақтан тұтып, болашақ Отан қорғайтын азамат болуға ұмтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |