Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы



бет6/13
Дата22.05.2023
өлшемі248 Kb.
#96016
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
22-26 май цикл

Музыка тыңдау:
«Ел қорғауға әзірміз»
(К. Қуатбаев).
Музыка тыңдап, қандай әсерде болғандарын сұрап, балалармен сұхбаттасу, әсерлерімен бөлісу.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Полька»
(М. Красев).
Музыка тыңдау: «Қыз Жібек» операсынан үзінді (үнтаспа, Е. Брусиловский).
Билер: «Еркебұлан» («Билеп үйренейік» жинағынан).Биді әрі қарай жалғастырып, бірдей қимыл жасауға ұмтылдыру.
Ойындар, хороводтар: «Үйшік» (В. Витлин).
Ойынды еске түсіріп, үйшікте тұратындар біртіндеп өз музыкалары естілгенде шығып, өздеріне тән қимылдарын жасайды.
Музыкалық аспапта ойнау: «Латыш полькасы»
(М. Раухвергер).

1.Сауат ашу негіздері
«Қарама-қарсы сөздер» ойыны
Мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.
Көрнекілігі: доп, карточкалар.
Ойын шарты: тәрбиеші шеңбер бойымен тұрған балаларға кезекпен допты лақтырып, қандай да бір сөзді айтады, ал допты ұстап алған бала педагогке кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айту керек.
Мысалы: үлкен – кішкентай», биік – аласа т.б.
«Бағдаршам» ойыны
Тәрбиешінің қолында үш түсті – жасыл, сары, қызыл дөңгелектер (диаметрі – 10 см) болады. Жасыл түсті көтергенде, балаларға сөйлеп, жүгіріп, шулауға болады. Сары түсті көтергенде, бір-бірімен сыбырласып сөйлеседі, ал қызыл түсті көтергенде, қозғалмай, сөйлемей отырулары керек.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Мақсаты: берілген дыбысқа сөз ойлап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Көрнекі қажетті заттар: дыбыстар (суреттермен) қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер (дыбыстардың дауысты, дауыссыз екендігін білдіретін ерекше белгісі бар).
Ойын барысы: тәрбиеші дыбыс қалтасынан кез келген бір дыбысты айтады. Балалар сол дыбыстан басталатын сөздерді айтады.
Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып, сол дыбыстан басталатын заттарды айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет