Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
«Бұл кімдікі?»
Мақсаты: Суретте көрсетілген артық суретті алып тастап, дәрігерге керекті заттардың суретін қоя алады.
Сурет салу
|
«Қыс келеді» тақпағын мəнерлеп оқу.
Мақсаты: Тақпағын қайталай отырып апайларын жақсы көре алады.
Көркем әдебиет
|
«Теңін тап»
Мақсаты:Балалар екі бірдей заттарды таба алады.
Мүсіндеу
|
«Дүкенші»
Мақсаты: Балалар мағынасын түсініп топтасып ойнауды түсінеді.
Қоршаған ортамен танысу
Қарым- қатынас
іс –әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті
|
«Кім жауабын біледі?»
Мақсаты : Балалар топтасып ойнай алады
Сөйлеуді дамыту
Қарым- қатынас
іс –әрекеті
|
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Дене шынықтыру
(маманның жоспары бойынша)
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Аппақ қыс.
Мақсаты: (й)Дауыссыз дыбысын ажырату, артикуляциялық жаттығулар жасау,төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасау,(з -с) дыбыстарын дифференциялау дағдысын қалыптастыру. Балаларды қыс туралы өлеңді мұқият тыңдауға, сұрақтарға жауап беруге, бейнелік сөздерді көрсетуге, бір түбірлі сөздер құрауға,антоним және синоним сөздерді қолдануға, «Қандай?» сұраулы сөйлемімен, одақтас сөздермен сөйлем құрастыруға үйрету.
Музыка
(маманның жоспары бойынша)
Математика негіздері
Мақсаты: 7 санының пайда болуы.Апта күндері.7 санының цифлық ұғымымен,сандық өлшеуіштегі орнымен таныстыру.6 көлеміндегі санға дейінгі сандар есеп шығару дағдысын жетілдіру.Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Тілдің грамматикалық құрылымы:
таныс заттарды, киімдердің, отбасы мүшелерінің атауын қазақша айтқанда, сөйлем құрап айтқанда грамматикалық тұлғаларды дұрыс сақтап сөйлей білуге үйрету: менің атам,менің анам,сенің әжең.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |