Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы Топ: «Жұлдызай» мектеп алды даярлық
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі: ( қыркүйек 2022ж.) 1 апта
Күн тәртібі
Уақыты
Дүйсенбі 29.08.2022
Сейсенбі 30.08.2022
Сәрсенбі 31.08.2022
Бейсенбі 1.09.2022
Жұма 2.09.2022
Балаларды қабылдау Ата-аналармен әңгімелесу
Балалардың дербес әрекеті:
Ойындар (үстел үсті, саусақ және т.б. )
Таңертеңгі жаттығу
(5 мин)
8.00
-8.15
8.40
Қарым-қатынас іс-әрекеті: Балалар мен амандасу. Қабылдау: балаларды тексеру, оларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау.
Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау.
Ата-аналармен баланың көңіл-күйі, денсаулығы, туралы әңгімелесу.
Қарым-қатынас іс-әрекеті (үстел үсті ойындары: «Мозайка»
Қарым-қатынас іс-әрекеті: Ертегі кітаптарды оқып беру.
Қарым-қатынас іс-рекеті:(үстел үсті ойындары пазлдар, домино және т.б.);
Қарым-қатынас ойын іс-әрекеті.(үстел үсті ойындары);
Қыркүйек айына таңертеңгі жаттығу кешені: Спорт залда жаттығу жасау.
Таңғы ас
8.30-9.00
Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау, қолдың тазалығын сақтайық балалалар!
Математика негіздері – коммуникативтік, танымдық, еңбек әрекеті (кезекшілердің әрекеті)
Кезекші балалар дастархан жасайды. )
Бүгінгі таңғы аспен таныстыру.
Шаттық шеңбері: Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Балабақшадағы ойыншықтары туралы әңгімелесу.
«Ойыншықтар»
өлеңін жаттату.
Балабақшадағы ойыншықтарды күтімі туралы әңгімелесу
Сергіту жаттығуын жасату.
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл ған оқу қызметі
9.15 11.30
Математика негіздері Жиын жайлы түсінігін дамыту. «Бір» деген ұғым – бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін таныстыру.
Дене шынықтыру Жалпы дамытушы жаттығулар. "Қол кеуденің алдында" қалпынан қолды жанына қарай созу, "қолды желкеге қою" қалпынан қолды жоғары көтеру және жанына қарай созу;
1)жүру. Сапта бір қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеру, заттарды аттап өту, түрлі қарқында, тәрбиешінің белгісімен тоқтау, қозғалыс бағытын өзгерту.
Сауат ашу негіздері "Сөз" және "дыбыс" терминдері туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
Д/о «Бұл ненің дыбысы» Мақсаты: есту түйсігін дамыту.
Шарты: балғамен тарсылдату, ыдысты сықырлату,газетті сыбдырлату дыбыстар шығады. Егер балалар дыбысты анықтай алмаса, онда дыбысталған затты,көрсетеді.
Музыка маманның жоспары бойынша
Көркем әдебиет Балаларға шығармалардың эмоционалды-бейнелік мазмұнында қабылдауға, баяндауға үйрету. Балаларды шығарма кейіпкерлерімен таныстыру.
Түсіндірме жұмысы: Балабақша өлеңі.
Сурет салу балаларды елестету және заттарға қарап гүлдер, көкөністер, жемістер, ойыншықтар, күрделі емес сұлбаларды өздеріне тән ерекшеліктерін бере отырып салу дағдыларын қалыптастыру.