Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы педагогтің аты-жөні


(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)



бет15/16
Дата18.04.2023
өлшемі42,53 Kb.
#83831
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)


"Теңіз толқиды" аз қимылды ойыны.
Мақсат-міндеттер: тәрбиешінің белгісі бойынша орындау, шығармашылық, зейінділік, ұстамдылық таныту.
Белгі бойынша екі аяқпен секіру; ептілікке, зейінділікке тәрбиелеу, қозғалыс координациясын дамыту.
(дене шынықтыру)


Сюжеттік-рөлдік ойын. "Табиғи қорық".
Мақсат-міндеттер. Балаларға табиғи қорық, "Қызыл кітап" туралы түсініктер беру; қорықта қызмет атқаратын орманшы, аңшы, ағаш кесуші, ветеринар дәрігері жөніндегі ұғымдарын нығайту; орман мамандарының орманды, жан-жануарларды қорғаудағы атқаратын рөлі неде екендігін анықтау; еңбекқорлыққа, жан-жануарларға деген аяушылыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құралдар.
Табиғи қорықтың қызметкерлеріне қажет заттар мен құралдар; алғашқы медициналық көмек қобдишасы, сөмкелер; ойыншық жануарлар және құстар; орман, бұлақ, жасанды таулар үлгілері.
Шарты.
Педагог балалармен бірлесіп, дайындық жұмыстары ретінде табиғи қорық туралы суреттерді қарап, Қазақстандағы табиғи қорықтар жөнінде бейнебаяндарды тамашалайды.
Балалар орманшы, аңшы, ағаш кесуші, ветеринар дәрігері сияқты мамандардың табиғи қорықта не істейтіні (орманшы ауру ағаштарды тауып, ағаш кесушіге кесіп алуға тапсырма береді; ауру аңдарды байқап, ветеринарға көрсетеді, аңшы саны көбейіп кеткен жыртқыштарды атып алады), қандай құралдарды қолданатыны туралы талқылап алу керек.
Балалар табиғи қорықта жұмыс істейтін мамандарды өздері таңдайды немесе санамақты қолданады. Кейіпкерлер өздеріне қажет киім үлгілерін және құралдарды алып, орындарына барады. Қалған балалар қолдарына аңдар мен құстардың ойыншықтарын алып, белгілі орындарға қондырып, қимылға келтіреді.
Соңында педагог балалармен бірге қорытынды жасай алады: адам жабайы табиғаттағы тіршіліктің заңдылықтарын бұзбау керек, оны қадағалап, көмегін беріп, қорғану да керек.
(қарым-қатынас іс-әрекеті, шығармашылық іс-әрекеті, таным іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті, еңбек іс-әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет