Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық



бет5/87
Дата24.11.2023
өлшемі208,48 Kb.
#125693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)
Ұйымдастырылған іс әрекет тақырыбына сай жұмбақтар жасыру. Жаттаған тақпақты есіне түсіріп, қайталап айту.

Картотека №7
«Салат» саусақ ойыны.
Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді)
Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)



Картотека № 8
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
(көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекеті)



Картотека №4 Гүл.
Қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады, Саусақтар ашылады
Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады:
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаңда.
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
(математика негіздері, сөйлеуді дамыту-танымдық,қарым-қатынас іс-әрекеті)





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет