М. Төрежановтың «Мен оны кешірдім» әңгімесі Мақсаты: қысқа әдеби шығармаларды қайталау дағдысын қалыптастыру.
Музыка Тақырыбы: «Қай аспапта ойнаймын?» ойыны Мақсаты: Қазақтың ұлттық аспаптарының (ішекті,ұрмалы,үрлемелі) өзіндік тембрлік дыбысталуымен таныстыру, ажырата білуге үйрету. Аспаптарда ойнауға машықтандыру, қызығушылықтарын арттыру.
1.Музыка залында балаларды көңілді музыкамен қарсы алу. Балаларға аспаптардың (домбыра, қобыз, сазсырнай, асатаяқ, дауылпаз, т.б.) суреттері бейнеленген карточкалар ұсынылады. Музыка жетекшісі ширма артында жасырып бір аспапта ойнайды. Балалар мұқият тыңдап, аспаптың дауысын тыңдайды.
2. Музыкалық-ырғақты қимыл: Лентамен жаттығу. 1.Қолды екі жаққа жайып жоғары көтеру, қайта түсіру.
2.Қолды жоғары көтеріп денені оңға , солға иілту.
3.Лентаны жоғары көтеріп орындарында тұрып айналу
Қоршаған ортамен таныстыру «Терезеде не өседі?» Мақсаты:жаңа бөлме өсімдіктерімен таныстыру.
Дене шынықтыру «Ақылдылар» Мақсаты: командада тапсырмаларды орындау қабілетін қалыптастыру.
Математика негіздері «Заттың салмағы бойынша тең және тең емес» Мақсаты: заттардың салмағы туралы түсінікті бекіту.
Қазақ тілі «Мамандықтың бәрі жақсы» Мақсат:көркем мамандық иелері тұралы түсіндіру, адамның еңбегі өзара байланыстарын байқауға үйрету