Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Ұлттық ойыны. "Теңге ілу"



бет13/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
7LocrgKVoj1yxbteGrYMNp1ETKEwR2xCz0VDGMQo

Ұлттық ойыны. "Теңге ілу"
Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әр қайсысы жеке- жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20- 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он- оннан теңге салынады. Содан соң екі топтан екі сайыскер шығады. Сызыққа келіп қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, теңгені іліп алып, әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған теңгелерінің санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.
(дене шынықтыру)

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Көліктер".
Мақсат-міндеттері. Балаларға көлік туралы түсінік беру; көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып, атқаратын қызметіне қарай салыстыруды үйрету.


"Алманы құрастырамын" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балаларды жылдам ойлауға тәрбиелеу.
Ойынның барысы: балаларға қиылған түрлі-түсті алманың суреттері беріледі. Балалар өздері таңдаған бір алманы құрастырып шығады.
(танымдық дағдылар)


Вариативті компонент. Математика негіздері
"Аю циркте қандай өнер көрсетеді?"
Мақсат-міндеттері. Балалармен 1-5-ке дейінгі сандарды қайталау; цилиндр және оның қасиеттерімен таныстыру; қоршаған ортадан цилиндр пішінді заттарды көре білуді үйрету.

Балалармен жеке жұмыс

Жыл мезгілі туралы әңгіме.
Мақсат-міндеттері. Сұрақтарға толық жауап беруді үйрету. (сөйлеуді дамыту)

Дидактикалық ойын. "Затты сипаттамасынан таны".
Мақсат-міндеттер: зейінін, ойлау қабілетін, жылдамдығын дамытады. (сөйлеуді дамыту)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет