Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Қандай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)



бет15/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
андай көлік қайда жүреді?" дамытушы жаттығуы. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
Мақсат-міндеттері. Балалардың көліктер туралы ұғымдарын пысықтау, қызығушылығын арттыру; зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құралдары: жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, автобус, ұшақ, жеңіл мәшине тағы басқа.
Балаларға суреттер көрсетіледі:
- Балалар, суретке қарайық. Балалар, көліктердің қайда жүретінін қимылмен көрсетейік: жерде жүрсе - аяқтарымызды топылдатамыз, суда жүзсе - қолымызбен суда жүзгендей қимылдар жасаймыз, аспанда ұшса - қолдарымызды қанат сияқты сермейміз.
Ойынды екі топтарға бөлініп ойнауға болады.
Еңбек әрекеті: алаңды тастардан тазалау.
Мақсат-міндеттер: тазалыққа, ұқыптылыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру.
Тастар арнайы жерге немесе ыдысқа жиналады. Сол тастарды бояп, қызықты құрылымдар жасауға болады.
"Тым-тырақай" ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды ойын шартына сай ойнай білуге баулу; шапшаңдыққа, зеректікке, кеңістікті бағдарлау, жылдам жүгіре білу қабілеттерін дамыту.
Балалар шеңбер құрайды.
Бір немесе бірнеше бала шеңбер ортасында санамақ сөздерінен кейін ұстап алушылардың рөлін атқаратын болады.
Ал, кәнеки, балалар,
Бір, екі, үш - деп, санаңдар!
Бір, екі, үш! Ал тараңдар!
Бұл сөздерден кейін балалар жан-жаққа бытырай қашады. Оларды ортада тұрған бала ұстап алу керек.
Екі-үш бала ұсталып қалғаннан кейін, тәрбиеші "Бір, екі, үш!" деп санағанша, балалар шеңбер құрып тұра қалады.
Ойын қайта басталады.
"Сызықты баспа" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды бір бағытта жылжып секіруге дағдыландыру.
Балалардың секіру жолының бойына көлденең сызықтарды салып қою керек. Балалар сызықтарды баспай, алға секіруді үйренеді.
Өз бетімен еркін ойын әрекеті, шығарылған материалмен ойындар.
Мақсат-міндеттері. Қимыл-қозғалыс координациясын дамыту; негізгі қимылдарды орындау тәсілін жетілдіру; ойындарға саналы түрде қосылуға тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет