Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Жол ережелері туралы тақпақтармен танысу. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті: [ж], [ш] дыбыстары"
Мақсат-міндеттері. Балаларды тақпақ шумақтарындағы оқиғаларды сипаттаудағы ұйқасы мен сөздердің ырғақтылығы тәртібімен таныстыру; қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстар туралы жалпы мағлұматтар беру.
"Автобус" қимылды ойын. Балалар қатарға бір-бірден тұрады. Тәрбиеші автобус жүргізушісінің рөлінде болады. Қалған балалар жолаушылар болады. Тәрбиеші дыбыс берген кезде автобус жылжи бастайды. Ең әуелі, баяу қозғалады. Содан кейін жылдам және одан да жылдамырақ жүреді. Балалар жүрісті баяулатады. Жүргізуші автобусты тоқтатады. Ойын тағы жалғасады.
(дене шынықтыру)
Дамытушылық ойын. "Тыныс алуды реттеу".
Мақсат-міндеттері. Балаларды сан ырғағына сәйкес тыныс алуға жаттықтыру; балардың жүргенде дұрыс тыныстауын бекіту.
Барысы.
Педагог санау бойынша үйретіп өткізеді. Кейін жиі немесе сирек тыныс алу жаттығуларын (терең тыныстау) ұйымдастыруға болады.
Тапсырманы орындау барысында белгілі сөздер мен өлеңдерді, әндерді айтқызып жаттықтыруға болады.
(дербес әрекет, дене шынықтыру)
Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Көлік жүргізуші".
Мақсат-міндеттері. Балаларды көлік жүргізушінің қызметімен таныстыра отырып, көлік түрлеріне байланысты көркем сөздердің мағынасын түсіндіру; көліктердің пайдалы және зиянды жақтарын ажыратып, сөзбен сипаттап айтуды үйрету.
Дидактикалық ойын. "Қандай көлік екенін тап". Мақсат-міндеттері. Көлік түрлерін топтастыруды және атауын атауды дағдыландыру. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі)
Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Көліктер жүретін ұзын және қысқа жолдар".
Мақсат-міндеттері. Балаларға заттардың ұзындығының қасиеттері жөнінде білім беру.