Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Еңбек: берілген жеке тапсырманы мұқият орындауды үйрету. Еңбекке дұрыс көзқарастары тәрбиелеу. Өз бетімен ойындар: «Секіргішпен ойна»



бет17/19
Дата15.12.2023
өлшемі31,43 Kb.
#139552
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
7LocrgKVoj1yxbteGrYMNp1ETKEwR2xCz0VDGMQo

Еңбек: берілген жеке тапсырманы мұқият орындауды үйрету. Еңбекке дұрыс көзқарастары тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: «Секіргішпен ойна».
Ұялшақ және өзіне сенімсіз балалардың өзгелермен бірлесіп ойнауларына қолайлы жағдай жасау.

Жүк автокөлігін бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Жүргізуші мамандығы туралы жалпы білімдерін қалыптастыру. Жүк мәшинесінің құрылысы туралы білімді бекіту (кузов, кабина және тағы басқа), олардың атауын білу; жеңіл автокөліктен ажыратудыүйрету.
(сүт таситын мәшине, жүк таситын мәшине)
Жұмбақ.
Резеңке аяқты жануармын,
Барлық жолдарды кезіп өтемін,
Құрылыста іске жараймын,
Жұмыстан мен қорықпаймын. (Мәшине)
Қимылды ойын. «Оқтау тартыс». Қазақ халқының ұлттық ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Балаларды шағын топтарда бірігіп, келісе әрекет етуге (белгі бойынша арқанды және қарама-қарсы топтың балаларын өзіне тарту) үйрету.
"Кім жылдам?" қимылды ойын-жаттығуы. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттері. Кедергілерді жойып, жан-жаққа жүгіру біліктіліктерін бекіту.
Еңбек: әткеншектерді қардан тазалау.
Балаларды күрекпен жұмыс істеуге үйрету (қарды шанаға тиеп, арнаулы орындарға апару). Еңбектің маңыздылығын түсіндіру.
Өз бетімен ойналатын ойындар: әткеншек тебу.
Мақсат-міндеттері. Бірігіп жұмыс ітеу үшін балалардың шағын топтар құруын қолдау; біріккен қызметтегі тәртіп ережелерін орындауды үйрету.

Ересек балаларды бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттері. Ересек балаларды (мінез-құлықтары, ойындары), киімін бақылауды; киім түрлерін, оларды жеке атауды (бөрік, бөкебай, қолғап, етік, жылы шалбар және тағы басқа); киім және ауа райы арасындағы байланыс орнатуды үйрету. Ересек балалар арасында мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Балдырған баламыз,
Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда да.
Достар бір-біріне
Сенімді боламыз.
Екі деген екі дос,
Бірін-бірі қимайтын.
Артық-кемді етпей сөз,
Бірін-бірі сыйлайтын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет