Терминологиясы



Pdf көрінісі
бет66/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
Талжанов С. О некоторых основных проблемах художественного перевода 
(на материале перевода «Ревизора», «Мертвых душ» Н.В.Гоголя на казахский 
язык). Автореф. дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1961; Сатыбалдиев А.С. 
Развитие культуры художественного перевода в казахской литературе (на ма-
териале перевода произведений Л.Н.Толстого на казахский язык). Автореф. 
дисс. канд. филол. наук. Алма-Ата, 1964.
79
Сатыбалдиев Ə. Рухани қазына. Алматы, 1965.


194
60-жылдары бұлардан басқа да əлденеше еңбектер
80
жа-
рық көрді. Аударма проблемасын арнайы сөз ететін 
С. Талжанов, Қ. Нұрмаханов, З. Тұрарбеков, Т. Əбдірахманов 
тəрізді зерттеуші-жазушылардың, аудармашы қаламгерлер-
дің бұл мəселе турасындағы пайымдауларының да өзіндік 
орны бар. Бұлар өздері тікелей араласып, өз тəжірибесіне 
орай түйген барлауларынан түйін жасайды. Сондықтан да 
мұндай пікірлердің əрі практикалық, əрі теориялық мəні бо-
латыны сөзсіз.
Аударма ғылымының зерттелу тарихында алпысын-
шы жылдарға дейін біз көбіне-көп мəселенің бір жағын 
ғана (тек орыс тілінен қазақ тіліне, онда да тек көркем 
туындылар-дың ғана аудармасын) сөз етіп келсек, енді 
мұның екінші бір мəнді саласын, яғни керісінше, қазақ 
тілінен орыс тіліне аударудың жайы қалай дегенге де баса 
назар аударыла бастады. Қазақ мəдениеті мен əдебиетінің 
қазір дүниежүзінің көп елдеріне мəшһүр екеніне масатта-
натын болсақ, ол тек осы екінші саланың дер кезінде қолға 
алынып, қалыпқа түсірілуінің нəтижесі деп білеміз. Яғни біз 
өз жазушыларымыздың айтулы дүниелерін əуелі орысшаға 
аудару арқылы əлемдік мəдениеттің қорына өз үлесімізді 
қоса бастадық. Бұл істе, əсіресе орыс жазушыларының
мəдениет қайраткерлерінің рөлі айрықша болғанын риза-
лық сезіммен атап айтамыз. Əрине, өз аудармашы маман-
дарымыздың да бұл кезде жетіле бастағаны мəлім. 
Міне, осы процестің де сыр-сипатын анықтап, оның про-
блемаларын, заңдылықтарын ашудың ғылым үшін пайдасы 
зор. Ғылыми ақыл-кеңестердің бұрынғы кезеңдерге қара-
80
Талжанов С. Көркем аударма туралы. Алматы, 1962; Нұрмаханов Қ. 
Дəстүрлі достық (Мақалалар жинағы). Алматы, 1962; Тұрарбеков З. Аудар-
ма туралы. Алматы, 1967; Талжанов С. Об источниках духовного богатства. 
Алма-Ата, 1967; Əбдірахманов Т. Жаңа ғасыр кезінде. Зерттеулер. Мақалалар. 
Алматы, 1969.


195
ғанда, едəуір сауатты жүргізілуінің арқасында орыс қауы-
мына ұсынылған көркем шығармалардың болмысындағы 
кейбір нақты проблемалар дəйекті зерттеле бастады. 
Бірнеше зерттеу жұмыстары
81
пайда болды. Бұлардың 
бəрі болмағанмен, біразы Тіл білімі институтында істеліп 
жатқан шаралардың, аударма ғылымының С. Талжанов, 
Ə. Сатыбалдиев, М. Балақаев тəрізді маман зерттеушілердің 
ықпалымен біткені мəлім. Қазақ зерттеушілері енді аудар-
малардың жанрлық сипатына мəн беріп, соған лайықты 
ерекшеліктерін таба бастайды. 
Прозалық туындыларға қоса ұлттық колориті өзгеше 
қазақ өлеңдерінің орыс тіліндегі кейпі көп талас-тартыс 
тудырып жүрген проблема. Елуінші жылдар тұсында бұл 
мəселеге бір ғана диссертациялық жұмыс
82
арналған еді. 
Алғашқы тəжірибенің бірі болғандықтан ба, бұл жұмыс-
тың елеулі кемшіліктері кезінде атап көрсетілді. Ал 
С. Құспанов пен З. Жантекееваның зерттеулері ғылыми тал-
дау əдістерінің дəйектілігімен, дəлелдерінің нақтылығы-
мен, ұғымдылығымен ерекшеленеді. Жəне бұлар екі тілдің 
ерекшеліктерін салыстыра отырып, өлең өрнектеріндегі 
тіл ойнату құбылыстарының өзгеше болмысын ұқпау сал-
дарынан кеткен кемшіліктерді атап-атап көрсетеді. Бүгінгі 
практикалық істе мұндай нақты пікірлердің септігі тиері 
даусыз.
81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет