294
əлемдік мəдениеттен алшақтау деп түсіндіргісі келетіндер
де жоқ емес. Қазір тілқолданыста жүріп жатқан əр
алуан
құбылыстар мен процестерге өз əлімізше саралап, талда-
мас бұрын бір нəрсенің басы ашық екенін айту лазым. Ол –
қоғамдық өмірде болып жатқан ұлан-асыр оқиғалар бол-
мысына орай, тілімізде де күрделі
құбылыстардың болып
жатқаны. Бұл ақиқат. Енді шама-шарқымызша осыларға
талдау жасап көрелік. Мəселе түсінікті бола түсу үшін еп-
теп тарихқа да, сондай-ақ термин дегенді қалай түсіну керек,
терминжасам принциптері туралы əңгімеге де барған жөн
тəрізді.
Жалпы қай ел, қай халық тарихын сүзсеңіз де, бір нəрсенің
басы ашық екеніне көз жетеді.
Өзін құрмет тұтатын ұлт
қашанда өз тілі қызметінің жан-жақты болуын қамдастырады
екен. Əсіресе, Еуропа елдері бұл мəселеге өте мұқият.
Бір кезде А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов,
М. Жұмабаев тəрізді қазақ зиялыларының бəрі де сөзжа-
самның əр алуан түрлеріне мəн берген. Реті келгенде өздері
де түрлі
ұғымдардың баламасын іздеп, үлгілерін ұсынып
отырған. Мысалы, С. Сейфуллиннің
«ат ойын үйі» (цирк),
І. Жансүгіровтің
«думан жүріс» (демонстрация),
«табан-
темір» (рельс), Ғ. Мүсіреповтің
«құлақша қағазы» (этикетка),
М. Мағауиннің
«оятар» (будильник), Ə. Кекілбаевтың
«Қар
ханшайым» (Снегурочка), Қ. Қараманұлының
«күнпарағы»
(настольный календарь), О. Сəрсенбаевтың
«тесіккөзі» (гла-
зок в дверьях), Қ.
Ысқақовтың «түнемелқабы» (спальный
мешок), Ə. Таразидың
«күналқысы» (беседка) т.б. осының
айғағы.
Жаңа сөз дегеніміз не? Осы ұғымның өзін анықтап алу ке-
рек. Əдетте анау пəлен жаңа сөз жасады, мынау түген деген
тəрізді пікір ерсілі-қарсылы айтылып жатады. Ал шындығына
келсек, жаңадан сөз жасау дегеніңіз шартты ұғым.
Сөздер
жаңадан жасалмайды. Ол өзгеше өң алып, өзіне қосымша
мағына жүктеп, жаңаша қолданысқа түсуі мүмкін немесе өзге
тілден кірме сөз ретінде енуі, қабылдануы мүмкін. Негізінде
295
əлгі ұғым осыған орай туған. Бұл тұста əрбір
қаламгердің
сөз жарату қабілет-қарымына қарай бірінде бар, бірінде аз,
бірінді көп кездесе береді. Жалпы жаңалық дейтіннің бəрі
көктен түсетін нəрсе емес. Оның бəрі бұрыннан тілде бар
сөздер негізінде жасалады. Ғалымдардың (Ə. Қайдар) айту-
ынша, бұлар бұрын бар сөздер негізінде жасалатын лексика-
семантикалық жəне аналитикалық комбинациялар, «жаңа
қолданыстар». Солардың кейбір үлгілерін, яғни модельдерін
көрсетелік. Мысалы, қазақ тілінде
ежелден қолданып келе
жатқан
қаһарман, атарман, шабарман, өлермен деген
сөздер бар. Міне, осылардың негізінде
көрермен, оқырман,
тыңдарман (слушатель) пайда болды. Сонда бұл жерде бір
кезде өнімсіздеу қосымшалардың қатарында аталатын
ман,
мен сөзжасам процесінде қайта жандана бастағанын көреміз.
Сондай-ақ,
Достарыңызбен бөлісу: