Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


-сыз+лық жұрнағы ескерткіште араб тіліндегі вафа (опа, адалдық) сөзіне жалғанған. Яғни, -сыз+лық



бет44/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Байланысты:
Ташимбай дисс посл (1)

-сыз+лық жұрнағы ескерткіште араб тіліндегі вафа (опа, адалдық) сөзіне жалғанған. Яғни, -сыз+лық жұрнағы зат есімге жалғанып, өзі жалғанған түбірдегі заттың барлығын немесе жоқтығын білдіреді: вафасызлық (опасыздық). Вафасызлықны сиздин өгранүрлар 544 (Опасыздықты дәл сізден үйренер).

Қазақ тілінде -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнақтары есімдерден зат есім тудыратын өнімді жұрнақ. Олар арқылы нақтылы лексикалық мағыналы есімдерден абстракт ұғымды атау сөздер туады: кісілік, биіктік, достық, жаңалық, сезімдік, батылдық. Нақтылы (конкретті) заттардың да аттары туады: орындық, тұздық, төстік, түндік. Әр алуан мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіретін есімдер жасалынады: айлық, егіндік, апталық, түстік. Есептік сан есімдерден қатысты заттық ұғым атаулары: бірлік, екілік, ондық, жүздік, мыңдық т.б. [57, 151 б.].

Бұл жұрнақ қазақ тілінде мезгіл атаулары мен әр қилы бұйым атауларына жалғанып, олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байланысты жылдық, апталық, тәуліктік, көйлектік туынды сын есімдер және есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жаққа қатыстықты білдіретін өздік, сендік, қандайлық, қаншалық туынды есімдер жасалынатыны белгілі. Мн ескерткішінде бұндай мағыналық түрлері кездеспейді.

Түрколгияда -луғ/-лук жұрнағының пайда болу тарихына байланысты сан алуан пікілер бар. Г.И. Рамстедт бұл жұрнақты -лы және элементтеріне бөліп қарап, -лы-ны септік жалғауы, -ны сын есім жасайтын аффикс деп таниды [36, 47 б.].

Түркі тіл білімінде -лық/ -лығ жұрнақтарының құрамындағы қ, к және ғ, г-ге байланысты ғылымда әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Кейбір зерттеушілер зат есімді сөздерге қ/к-мен аяқталған сөздер жатады десе, ал қайсыбіреулері сын есімдерге ғ мен г тән дейді.

В.М. Насилов -лық/-лик және -луқ/-лук жұрнақтарын ХІ-ХV ғасырларда ұйғыр жазба ескерткіштер лексикасында сөз тудырушы қабілетінің жан-жақты екенін [59, 21-26 бб.] айтады.

Профессор Б. Сағындықұлы -луқ/-луғ жұрнағының түп төркінін түсіндіруі бойынша бұл жұрнақ лексикалық мағына беретін туғ (туу, пайда болу) етістігінен пайда болған. Мысалы, алма туғ – алманың туған жері, алманың тұнып тұрған жері. Сонор л дыбысы табиғатында – ығыстырушы дыбыс. Ол т дыбысын ығыстырып, сол орынды иеленеді. Сонда алмалуғ, бірте-бірте алмалы. Алматы атауы көне т формасын сақтап қалған. Қарағанды, Өлеңті де сондай. Сөйтіп, туғ – абстракцияланған, оған «шыққан жері», «кені» «көп орналасқан аймағы» сияқты грамматикалық мағыналар қамалып, тұйықтанған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет