Мағынасы мен тұлғасы ішінара өзгеріске ұшырап қазіргі қазақ тілінде сақталып қалған көне сөздер.
Ескерткіште кездесетін көне сөздердің орта ғасырлық тұлғасы көне түркі тілі сөздігіндегі формалармен де салыстырылды. Сонымен қатар реті келгенде бірқатар тарихи ескерткіштегі формалары да көрсетілді.
Қайу. Қайсы, қай жерде. Aγïr aγruq qajuda qaldï ДТС 409 (Ауыр жүк қай жерде қалды?) Қайу йирга буйурса, су урурлар Мн 22 (Қай жерге бұйырса, сонда жауын жауады). Көне жазбалар тілінде: қаны, қайуда, қайу, қайда т.б. Қазіргі тілдерде қай-; қайсы. Қазіргі қазақ тіліндегі қайда, қайдан, қанша, қашан, қандай, қаны (кәні), қалай сияқты сұрау есімдіктерінің қай түбірінен өрбігені мәлім.
Ағыр. Ауыр. Uluγ aγïr jük teg ДТС 18 (Үлкен ауыр жүктей). Ағыр уйқучы бахтим неча йатқай Мн 277 (Бақытым қашанға дейін қалың ұйқыда жата береді). МК ағырлығ (қадірлі), МК ағыр қымбатты, бағалы; ағыр нән қымбат зат; күшті: қазіргі қазақ тілінде: ауыр.
Адақ. Аяқ. Adaq bẹrti iki jorïγu üčün ДТС 8 (Жүру үшін екі аяқ берді). Башым дайим адақыңқа йарашур Мн 192 (Басым әрдәйім аяғыңды құшуға жарасады).
Достарыңызбен бөлісу: |