Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет46/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126
-СЫЗ, -СИЗ жұрнағы. Есім сөздерге жалғанып, сын есім тудыратын бұл өнімді жұрнақтың екі варианты -сыз, -сиз түркі сөздерінде екі-ақ сөздің тикансиз (тікенсіз), сенсиз (сенсіз) құрамында кездессе, парсы тілінен енген бір ғана сөзде вафасыз (опасыз) ұшырасты. Мынадай грамматикалық мағыналарды білдіреді:

1) -сыз жұрнағы есім сөздерге жалғанып, түбірде аталған заттың, құбылыстың жоқтығын білдіреді: тикансиз (тікенсіз).

Чечак чимган ара болмас тикансиз 304 (Көгалда гүл болмас тікенексіз).

2) Есімдіктен жасалған сын есім: сенсиз (сенсіз).

Меңа дузах ерүр ужмақ сенсиз 398 (Жұмақ та тозақ болады маған сенсіз).

3) -сыз жұрнағы парсы тіліндегі сөзде абстракт зат есімнен жасалған сын болып тұр: вафасыз (опасыз).

Жехан йел тек, ´умур гүлтек вафасыз 542 (Жаһан жел сияқты, өмір гүл сияқты опасыз).

Қазіргі түркі тілдерінде -сыз жұрнағының шығуы жөнінде сан алуан пікірлер бар. Солардың барлығын жинақтай келе -сыз жұрнағы мынадай мағыналарды беретіні анықталған: 1) заттың жоқ екенін білдіреді 2) -лы жұрнағына қарама-қарсы мағынада қолданылады.

Қазақ тілінде -сыз (-сіз) – есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұрнақтың бірі. Заттың жоқтығын білдіретін сын есім (таусыз, баласыз, ақылсыз, білімсіз т.б.) жасайды. Сонымен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, есімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана береді. Мысалы, баласыз, кітапсыз, көліксіз, білімсіз, мұңсыз, түйсіксіз, ашусыз, ақылсыз, даусыз, сенсіз, бізсіз т.б. [57, 173 б.].

Яғни, ескерткіш тілімен қазақ тіліндегі -сыз, -сиз жұрнағының қолданылуы және беретін мағыналары жағынан үйлес келеді. Ескерткіште -сиз жұрнағының -сизин формасы бір сөздің құрамында ғана кездеседі. Мысалы, сенсизин (сенсіз). Кишиниң сен сизин не жаны болсун 219 (Кісінің сенсіз қандай жаны болсын).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет