Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы



бет59/126
Дата23.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126
Армаған. Сыйлық. Кетүргүл бизга лайық армағаны Мн 46 (Келтіргіл бізге лайық сый-сияпатыңды). МҚ сөздігінде оғыз сөзі деп көрсетілген. МК-де бұл сөздің сонымен қатар йармаған деген варианты бар; түрікмен, Қырым татарлары тілінде осындай.

Ескерткіш тіліндегі армаған сөзі мына тілдерде сақталған: түрк., armağan; әзірб., armağan, yādigâr; өзб., armuğán, sávğa, hädyä; ұйғ., armuğán, soğat, hädiyä. Ал түркі тілдерінің мына бөлігінде басқаша айтылады: башқ., büläk, yädkär, küstänäs; қырғ., belek; тат., büläk, yädkär, küçtänäç; түркм., sovğat, peşğeş [43, 26-27 бб.]. Ал қазақ тілінде қазіргі кезде мүлдем қолданылмайды.



Ош. Міне, осы. Oš munqaγ qïl ДТС 372 (Міне осылай қыл). Ким ош йел тек кечар аййами фани Мн 53 (Фани күндер желдей есіп өтіп кетеді). Ескерткіш мәтінінде ош есімдігінің ошал, ошбу, ошул формалары да кездеседі. Бұл сілтеу есімдіктерінің қазіргі түркі тілдерінде фонетикалық сипаты мынадай: баш., тат. шул, қырғ. ошол, ошо, құм. шол, со, түрк. шу. Ошбу «ош» және «бу», есімдіктерінің бірігуінен жасалған.

Уған. Құдай. Jarattï uγanïm tünüŋ kündüzüŋ ДТС 607 (Құдайым күн мен түнді жаратты). Уған Йүсүп жамалин сизга берди Мн 581 (Құдай Жүсіп пайғамбардың жамалын сізге берді). Орта ғасырда жазылған басқа ескерткіштерде ХШ уған тұлғасында келеді [ХШ 219].

Өкүш. Көп. üküš öltäči anta tirilti ДТС 624 (Көп өлімге кесілгендер ол жақта тірілді). Өкүш йыллар Йаратқан бақый тутсун Мн 165 (Жаратушы ұзақ жылдар өмір берсін). МК өкүш көп және асыл тұқымды: өкүш йылқы асыл тұқымды ат.

Итлан-. Жоғалу. Jitti nẹŋ ДТС 263 (Не жоғалды?). Башағы итланүр сандан ичинда 162 (Төс ішіне оғының ұшы сіңіп кетеді). Бұл сөздің ескерткіштегі түбірі йит-.

Бити. Жазу. Йарур көзлар савадидин битиса Мн 135 (Көзімнің сүрмесімен жаздым мұны). Е.ұйғ., МҚ кітабында да осындай. Бұл сөз бізге көне ғасыр ескерткіштерінен белгілі.

Биткачи. Бітікші. Jaŋïlmaz bitkäči ДТС 104 (Жаңылмас бітікші [көшіруші]). ´Уттариид-биткачи, барбатчы Нахид Мн 138 (Жазғыш – Утарид, сазды – Нахид). ҚС, МҚ тарихи ескерткіштерде битигчи – жазушы, көшірмеші деген мағынада жұмсалған.

Тапуғ. Қызмет. Tapuγ taš jarar taš bašïγ jarar ДТС 535 (Қызмет тас жарар, тас бас жарар). Тапылғай мақсудум тапқуңда бары Мн 275 (Саған қызмет еткенде барлық мұратым табылады).

Текма. Әрбір. Qalïn bolsa qoldaš ögär tẹgma til ДТС 548 (Жолдасың көп болса әрбір тіл сені мақтайды). Не билур қадриңизни текма надан Мн 403 (Қайдан білсін қадіріңізді топас надан).

Текүр. Жеткізу. tẹgürdüŋ mẹŋa sẹn qamuγ ẹδgülük ДТС 549 (Сен маған барлық игілікті жеткіздің). Саламимни текүр ол хуш лықаға Мн 243 (Сәлемімді жеткіз ол сүйіктіге). Бұл сөздің йетүр, йет синонимдерінің қазақ тілінде фонетикалық тұлғалануы жағынан өзгерісі бар екені байқалады.

Чав. Мадақ, атақ. Bilig ẹši čab ẹši ben-ök ẹrtim ДТС 135 (Білік иесі, даңқ иесі мен болдым). Жеханға хүснүңиз чавын йайайын Мн 72 (Жаһанға сұлулығыңыздың даңқын жаяйын).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет