Сач І зат. адамның бас терісіне біткен жіңішке қалың қыл. Сачың бир тарына миң хур йетмас 213 (Шашыңның бір талына мың хор [қызы] жетпейді).
Сач ІІ ет. бүрку, шашырату, себу. Хызыр суйын сачалиң жан йүзига 538 (Сұлулығын мәңгі ету үшін Хызыр суын шашалық жанананың жүзіне). Бұл омоним түзетін қатардың мағыналарында айырмашылық байқалмағанымен дыбыстық тұлғалануы жағынан с ~ ш және ч ~ ш сәйкестіктерін аңғарамыз. Түрколог ғалымдардың еңбектерінде көрсетілгендей, бұлар зат есім – етістік мағыналы синкретикалық түбірлер болып табылады.